у
Аймақтар • 08 Тамыз, 2025
БҚО-да экологиялық мақсаттарға 54 млн текше метрден астам су жіберілген
Жыл басталғалы «Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалы табиғатты қорғау және шабындықтарды суару үшін 54 млн текше метрден астам су жіберген. Жәнібек суару-суландыру жүйесі арқылы бүгінге дейін 7,9 және Орал-Көшім арқылы 22,25 млн текше метр су жіберілген, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Тамыз, 2025
Қызылордада ішімдік ішпейтін ауылдар көбейіп келеді
Тұрғындары өзара кеңесіп, арақтан бас тартқан ауылдар қатарында Арал ауданы Қосжар елді мекені бар. Ауыл ақсақалдарының бастамасымен ішімдікпен бірлесе күрескен елді мекенде 5 жылдың бедерінде бірде-бір қылмыс тіркелмепті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 08 Тамыз, 2025
Жақып Хайрушев: Қазақстан экономикалық дамудың жаңа кезеңінде
Біздің ел Аваза іс-қимыл бағдарламасын тұрақты, инклюзивті және орнықты келешекке жеткізер жол картасы ретінде толық қолдайды. Бұл туралы Президент теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған БҰҰ-ның 3-ші конференциясында айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл маңызды бастама транзиттік елдердің, даму жөніндегі халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының саяси қолдауына ие болуы тиіс, деді. Мемлекет басшысы көлік, энергетика мен цифрлық инфрақұрылым сияқты негізгі секторларға инвестиция ынталандыруға инновациялық қаржы тетіктері қажет екенін айтты. Энергетика министрлігі Қоғамдық Кеңесінің төрағасы Жақып Хайрушевтің пікірінше, Қазақстан орта экономикасы бар ел ретінде көбірек қабылдануда әрі бұл мәртебе оның энергетикалық әлеуеті тұрғысынан ерекше өзекті. Толымды тақырыпты арнайы сұхбатта талқылап көрелік.
ЖОЛДАУ • 08 Тамыз, 2025
Әділет министрлігі құқықтық рәсімдерді жеңілдетіп, сот төрелігінің қолжетімділігін арттырады
Әділет министрлігі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі негізгі құқықтық базаны қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Соңғы жылдары ведомство заңнаманы жетілдіру, құқықтық рәсімдерді оңайлату және азаматтар үшін сот төрелігін барынша қолжетімді ету бағытында ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 07 Тамыз, 2025
Ақтаудағы балабақшада кіші топтағы бүлдіршінді қатыгездікпен соққыға жыққан
5 тамыз күні Ақтаудағы жекеменшік "Тұмар" балабақшасында (24-шағынаудан) жаға ұстатарлық оқиға болды. Кіші топта тәрбие алып жүрген бүлдіршінді басқа бір қыз бала тұншықтырып, соққы жасап, түрлі зорлық көрсеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 07 Тамыз, 2025
Қазақстанда есірткі бизнесіне қарсы күрес күшейді: 14 тоннадан астам есірткі тәркіленді
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде есірткі қылмысына қарсы күрес шаралары күшейтіліп, нәтижесінде қылмыстық топтар мен астыртын зертханалардың жолы кесілді. Бұл туралы Бас прокуратурада өткен ведомствоаралық кеңесте мәлім болды.
Қоғам • 07 Тамыз, 2025
Қытайлық қандас Парижде «Қыз Жібек» атауымен иіссу шығарды
Отандасымыз Нұржан Төлеген Франция астанасы Парижде люкс санаттағы парфюм жасап, сатылымға шығарды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 07 Тамыз, 2025
Атырауда 20 кәсіпкер әлеуметтік азық-түліктер бағасын негізсіз өсірген
Атырау облысында арнайы комиссия әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру үшін мониторинг жүргізіп келеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Тамыз, 2025
Алакөлде тағы бір санаторий салынады
Қазақстан мен Әзербайжан кәсіпкерлері бірлесіп, Алакөл жағасынан тағы бір санаторийдің құрылысын бастауға ниетті. Осы мақсатта кеше қазақ-әзербайжан делегациясы Абай облысына келіп, өңір басшысы Берік Уәлимен жүздесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Тамыз, 2025
Құрылыс компаниялары заңсыз жарнама жасаған
Атырау қалалық прокуратурасы үлескерлердің қаржысын тұрғын үй құрылысына заңсыз тартуды жарнамалаумен айналысқан 10 компанияны анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Тамыз, 2025
Атырауда 12 мемлекеттік кәсіпорын рұқсатсыз ақылы қызмет көрсеткен
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті 12 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның қызметіне мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 07 Тамыз, 2025
Қазақ балуандары Польшадан алты жүлдемен оралды
Польшаның Варшавасында күрес түрлерінен «Ziolkowski, Pytlasinski, Poland Open» халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Тамыз, 2025
Атырау облысында бір айда жол апатынан 10 адам көз жұмған
Атырау облысында шілде айында 7 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол апатынан 10 адам, оның ішінде 3 жасөспірім мерт болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 07 Тамыз, 2025
500 мыңнан астам бүлдіршін балабақшаға ваучер алған
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдарда ваучерлік қаржыландыру жүйесі кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Жоба – балабақшаларда қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға және ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 07 Тамыз, 2025
Елімізде аграрлық технопарк құру жобасы қолға алынды
Заманауи технологиялар мен «жасыл экономика» қағидаттарын қолдана отырып, органикалық ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған ауқымды жобаға – Seifullin University, А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы, Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы және «БИО-KATU» ЖШС қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 07 Тамыз, 2025
Қызылордада ауыр атлетикадан республикалық турнир өтіп жатыр
Сыр елінде ауыр атлетикадан ересектер арасында белгілі жаттықтырушы, Қазақстан спортының дамуына зор үлес қосқан Вилорий Пак жүлдесіне арналған республикалық турнир басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Тамыз, 2025
Жер үйлерді сақтандыру міндеттеледі
Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өтіп жатқан баспасөз конференциясында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев айтты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Тамыз, 2025
Алатау қаласында құрылыс жұмыстары басталды
Бүгін Үкіметте өтіп жатқан баспасөз конференциясында Алатау қаласына инфрақұрылым тарту жұмыстары мен бас жоспары баяндалды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Тамыз, 2025
Түркістан облысында егіс алқаптары тексерілді
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов жұмыс сапарымен Түркістан облысына барып, өңірдегі егіс алқаптарын суармалы сумен қамтамасыз ету барысын тексеріп, өңірдегі су шаруашылығы жағдайымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Тамыз, 2025
Ақша ұрлаған бухгалтер 7 жылға сотталды
Жуырда 40 млн теңгедей ақша қымқырған Айыртау ауданы білім бөлімінің бухгалтеріне сот болып, ол жеті жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Тамыз, 2025
Биыл мүмкіндігі шектеулі жандардың 359 мыңнан астам тапсырысы орындалған
Биылғы жыл басынан бері Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы шамамен 279 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын (ОТҚ), 8,3 мың – ымдау тілі қызметін, 46,3 мың – жеке көмекшінің, 46,3 мың – санаторийлік-курорттық емдеу қызметін, жалпы барлығы 359 мыңнан астам қызмет алған, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 07 Тамыз, 2025
Қазақстан туризмнен €10 млрд табыс табуды жоспарлап отыр
Қазақстан 2029 жылға дейін туризмнен €10 млрд табыс табуды және жылына 15 млн турист тартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Тамыз, 2025
Атырау облысында 45 жағажай әлі ашылмай тұр
Атырау облысындағы су айдындарында 46 жағажай бар. Биыл аталған жағажайдың біреуі ғана ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 06 Тамыз, 2025
Атырауда жыл басынан бері 71 адам банкрот деп танылды
Атырау облысында жыл басынан бері 4 135 адам соттан тыс банкроттыққа өтініш берді. Оның ішінде 702 адамның сұранысы мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 06 Тамыз, 2025
Электронды қызметтер ел игілігіне айналып келеді
АҚШ электронды үкімет жүйесін 1993 жылдан бастап енгізе бастаса, Еуропа елдері 1997 жылдан бастап қолданған. Ал еліміз электронды үкімет порталын 2006 жылы іске қосса да, көп елдерден озып, алдыңғы қатарға шықты. БҰҰ-ның электронды үкімет индексі бойынша Қазақстан 193 елдің ішінде 24-орында болса, онлайн қызмет сапасы бойынша алдыңғы ондыққа енеді. Тіпті Швейцария, Франция, Қытай сияқты кейбір дамыған елдерден озық. Деректерге сүйенсек, қазіргі уақытта елімізде халықтың басым бөлігі мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде пайдаланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Тамыз, 2025
Діни алауыздық тудыратын ақпаратты таратқан әйел 7 жылға сотталды
Қызылордада облыстық полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері және ҰҚКД жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында терроризмді насихаттаған 39 жастағы деструктивті діни ағым ұстанушысы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 06 Тамыз, 2025
Алматы әуежайы заманауи хабқа айналады
Алматы халықаралық әуежайы Horizon инфрақұрылымдық жобасының бірінші кезеңін іске асыруға кірісті, оның аясында алдағы 25 жыл ішінде оңтүстік астананың әуе айлағы толығымен жаңғыртылатын болады. Жолаушылар и 12,5 млн-нан 40 млн-ға дейін артады. Жобаның құны 1,5 млрд долларға бағаланған, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 06 Тамыз, 2025
Елордада Төле би көшесінің бір бөлігі жабылады
Астананың Көлік және көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Төле би көшесінің Р.Бағланова көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі аралығын салу жобасы шеңберінде инженерлік желілерді салу және Төле би мен Орынбор көшелері қиылысында жол салу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 06 Тамыз, 2025
Грузияда жоғалып кеткен қазақ жігіттің мәйіті табылды
4 тамызда Грузия астанасы Тбилисиде жоғалып кеткен қазақстандық жігіт өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Тамыз, 2025
Қостанай облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты
Бүгін Қарасу ауданы Белозер ауылы ресми түрде «Ішімдіксіз ауыл» болып жарияланды, деп жазады Egemen.kz.