он
Экономика • 25 Қараша, 2025
ХВҚ Қазақстандағы инфлияция мен тапшылық тәуекелі туралы ескерту жасады
Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) 2025 жылы Қазақстан экономикасының 6% өсетінін болжап отыр, бірақ инфляцияның 13%-ға дейін өсу қаупі бар екенін және тапшылық тәуекелінің ықтималдығын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Қараша, 2025
Тоқаев пен Бердімұхамедов БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Сердар Бердімұхамедовтің қазақ жеріне мемлекеттік сапарының мәні айрықша деп санайтынын, Түрікменстан – Қазақстан үшін маңызды әрі сенімді серіктес, бауырлас ел екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 25 Қараша, 2025
Адольф Гитлер сайлауға түсіп жатыр
Намибиялық саясаткер Адольф Гитлер Уунона Омпунджа ауданында өтетін аймақтық сайлауда ел билігіндегі SWAPO (Оңтүстік-Батыс Африка халық ұйымы) партиясына кандидатурасын ұсынған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Қараша, 2025
Қазақстан мен Түрікменстан президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және көлік-логистикалық ықпалдастық мәселелері қарастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қараша, 2025
Биыл медициналық көмекті онлайн форматта қанша адам алды?
Ел тұрғындары медицина көмегін уақыт өткен сайын қашықтан алып жатыр. 2025 жылдың 9 айында отандастарымызға онлайн форматта 2,7 миллион қызмет көрсетілген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қараша, 2025
Жаһандық жарыс: Еліміз тоғызқұмалақтан 30 медаль еншіледі
Алматыдағы «Зенит» спорт орталығында биыл екінші рет ұйымдастырылған тоғызқұмалақтан мектеп оқушылары (U-15, U-17 – классика онлайн/офлайн, рапид, блиц) арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Оған 21 елден келген 180-ге жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 24 Қараша, 2025
Мәйіттік донор: Марқұмдардың ағзасы 6 адамға өмір сыйлады
Өткен аптада қайтыс болған екі қазақстандықтың туыстары мәйіттік донорлыққа келісім беріп, Астана мен Алматыда күрделі трансплантациялық ота жасалды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қараша, 2025
Төтенше жағдайлар саласындағы алғашқы волонтерлік гранттың жеңімпазы белгілі болды
Волонтерлікті дамытуға арналған шағын гранттар байқауын Мәдениет және ақпарат министрлігі және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ұйымдастырды. Бұл жоба азаматтық қорғаныс жүйесінде алғаш рет жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 24 Қараша, 2025
Елімізде қонақ үйлерге «жұлдыз» беру тәртібі өзгереді
Ұлттық статистика бюросының 2025 жылғы қыркүйектегі есебінше, Қазақстанда 4 442 орналастыру нысаны тіркелген. Оның 112-сі ғана ресми «жұлдыз» санатын иемденген, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 24 Қараша, 2025
Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 40-қа жуық адам жауапқа тартылды
«Қылмысты тоқтату» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер көші-қон қызметі жедел бөлімшелермен бірлесіп қоғамдық тамақтану орындарында, базарларда, көлік жуу бекеттерінде және жолаушылар тасымалы саласында 40-қа жуық құқық бұзушылық анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Хоккей • 24 Қараша, 2025
Хоккейден Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды
Қазақстандық хоккейшілер Бейжіңде өткен Азия чемпионатында өздерінің чемпиондық атағын қорғап шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 23 Қараша, 2025
Павлодарда ер адам 45 жыл бойы ешбір құжатсыз тұрып келген
48 жасар Андрей Дягель Ертіс-Баян өңірін 1980 жылдан бері мекендейді. Осы уақыт бойы ешбір құжатсыз өмір сүріп келіпті, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 22 Қараша, 2025
Қазақстан алтын сатып алудан әлемде 2-орынға шықты
BestBrokers порталының дерегінше, Қазақстан биыл алтын сатып алу көлемі бойынша әлемде екінші орынға көтерілді. Зерттеу авторлары жыл басынан бері ұлттық банктердің сатып алған алтын мөлшерін салыстырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 22 Қараша, 2025
Маңғыстау облысында даму, инвестиция салаларында қарқынды ілгерілеу бар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл сәуір айында Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында қарыздарды субсидиялау бағдарламалары шеңберінде өнеркәсіп, туризм және агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларды іске асыруға «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның қаржыландыру көлемін ұлғайтуды тапсырған болатын. Аталған тапсырмаға сәйкес облыс әкімдігі жеңілдетілген несиелеу тетіктерін енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 22 Қараша, 2025
Іле-Балқаш табиғи резерватында ұсталған көліктен қару мен 13 қоян табылды
«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының мәліметінше, инспекторлар 18 қараша сағат 22:45-те Mitsubishi Pajero автокөлігін тоқтатқан. Нәтижесінде резерват аумағында заңсыз аң аулаған Алматы қаласы мен Алматы облысының екі тұрғыны ұсталды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 22 Қараша, 2025
«Инвестицияға тапсырыс»: Қазақстан бизнесі мен агросекторы үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады
Қазақстан экономиканың нақты секторын дамытуға бағытталған «Инвестицияға тапсырыс» ауқымды мемлекеттік бағдарламаны іске қосты, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 21 Қараша, 2025
Орталық Азиядағы жасыл құрылыстың болашағы қандай?
Астанада еліміздің Жасыл құрылыс кеңесі (KazGBC) ұйымдастырған Green Build Central Asia 2025 форумы өтіп, аймақтағы жасыл құрылыс индустриясының даму бағытын айқындаған маңызды оқиға болды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қараша, 2025
Абай облысында дрондар өрісте бағусыз жайылған малға байланысты жол-көлік оқиғаларын азайтуға көмектесіп жатыр.
Қоғам • 21 Қараша, 2025
16,5 млн теңге: Шығыс Қазақстанда бизнес құқығын қорғаған шешім шығарылды
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен «Аль-Дента» ЖШС арасындағы резонансты дау бойынша облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бизнес пайдасына шешім шығарды. Нәтижесінде кәсіпкерлердің құқықтары шамамен 16,5 миллион теңгеге қорғалып, бірінші инстанциядағы сот шешімі бұзылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 20 Қараша, 2025
Щучинск қаласында жаңа көпфункционалды Спорт сарайы ашылды
Ақмола облысында халықтың спорт нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз ету және инфрақұрылымды кеңейту бағытында белсенді жұмыс жүргізілуде. Белсенді өмір салтын ұстанатындар үшін Щучинск қаласында көпфункционалды Спорт сарайы ашылды. Осы айтулы оқиғамен Бурабай ауданының тұрғындарын облыс әкімі Марат Ахметжанов пен қазақстандық спорт жұлдыздары құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қараша, 2025
Гонконг тұмауының таралуы: Денсаулық сақтау министрі жағдайға қатысты болжам жасады
Министр Ақмарал Әлназарованың айтуынша, қазіргі уақытта елде инфекциялық вирустардың таралуы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 20 Қараша, 2025
Республикалық бюджетте әкімшілік шығындардың үлесі азайтылды
2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджеттен тиімділігі расталмаған жобалар алынып тасталды. Бұл туралы Сенат отырысында қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 20 Қараша, 2025
Роналду АҚШ Президентіне алғыс айтты
АҚШ Президенті Дональд Трамп ақ үйде португалиялық футболшы Криштиану Роналдуды қабылдаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 19 Қараша, 2025
Қазақстандағы ең үлкен стадион қашан ашылады?
Ақтөбеде 35 мың орындық стадион салынады. Құрылысы екі жылда аяқталуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қараша, 2025
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу: Дрондар иесіз жайылған малды анықтайды
Қараусыз жануарлар жол-көлік оқиғаларына жиі себеп болатыны мәлім. Абай облысында дрондар малдың бақылаусыз жайылуына байланысты жол-көлік оқиғаларын азайтуға көмектесіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 19 Қараша, 2025
Экономиканы тұрақтандыруға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасы қабылданды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Үкіметтің Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен 2026-2028 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасы бекітілді. Құжат Президенттің тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету, инфляцияны төмендету, импортқа тәуелділікті азайту және азаматтардың табысын арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындауға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Қараша, 2025
Гонконг тұмауы таралып жатыр: Министрлік тарапынан ұсыныстар айтылды
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ЖРВИ мен тұмаудың маусымдық өсуіне байланысты азаматтарға адамдар көп шоғырланатын орындарға, әсіресе жабық кеңістіктерге баруды шектеуді ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 19 Қараша, 2025
Экономиканы өсіру мен жалақыны жоғарылату: Үкімет сенім үдесінен шыға ала ма?
Үкімет экономиканың өсуі мен жалақы арасындағы алшақтықты жоюға ниетті. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 19 Қараша, 2025
Ел экономикасы қаншалықты өсті?
Қазақстан экономикасы 6,4%-ға өсті: көлік, құрылыс және автоөнеркәсіп саласы негізгі қозғаушы күш болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Қараша, 2025
Қызылордада браконьерлікке қатысты 105 құқық бұзушылықты анықтады
Қызылордалық полицейлер «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 105 құқық бұзушылықты анықтапты. Оның үшеуі қылмыстық, қалғаны әкімшілік жауапқа тартылған. Күдіктілерден балық, ау, түрлі құрал-саймандар мен 12 қару айғақ зат ретінде алынып отыр, деп жазады Egemen.kz.