Фото: ТСМ
50 метрден кіші калибрлі винтовкамен жатып нысана көздеу сайысында Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ислам Сәтпаев топ жарды. Сондай-ақ тағы бір отандасымыз Никита Шахторин де осы сында күміс жүлдегер атанды.
Ал командалық сайыста Ислам Сәтпаев, Никита Шахторин, Константин Малиновский үздік шықты.
Азия чемпионатында Қазақстан велошабандозы алтын медаль иеленді
25 метрден жылдам атылатын тапанша бәсекесінде де Никита Чирюкин, Артемий Кабаков, Кирилл Цуканов қарсылас шақ келтірмеді.
Дәл осы сыннан жекелей сайыста Никита Чирюкин күміс медальді еншіледі.
Азия чемпионаты: Ел құрамасы нысана көздеуден тағы екі алтын медаль жеңіп алды
Айта кетейік, бәсеке 3 жас санатында (ересектер, жастар, жасөспірімдер) өтіп жатыр. Биыл Дели қаласында құрлықтағы 20 елден жиналған 320 спортшы жүлдеге таласады. Ел құрамасы сапында 3 жас санатында 47 мерген Азия додасына аттанды.
Азия чемпионаты: Қазақстан жеңіл атлетикадан екінші алтын жүлдені жеңіп алды