Фото: konstituciyalikreforma
Депутат жаңа Ата заң жобасының мазмұнына тоқталып, оның дайын үлгілердің көшірмесі емес екенін атап өтті.
«Ұсынылып отырған Конституция жобасы дайын үлгілердің көшірмесі емес. Иә, біз халықаралық тәжірибені зерделеп, кәсіби қауымдастықпен кеңестік. Алайда түпкілікті мәтін – дербес таңдауымыздың нәтижесі. Ол біздің қоғамның құндылық негіздерін бейнелейді, тарихи сабақтастықты сақтайды әрі жаңа сын-қатерлерді ескереді», деді Айдарбек Қожаназаров.
Оның сөзінше, құжатта егемендіктің иесі әрі биліктің бірден-бір бастауы – халық екені айқын көрсетілген. Мемлекеттік тұрақтылық қоғамдық келісім мен өзара сенімге негізделеді. Сонымен қатар болашақ даму бағыттары, цифрлық трансформация және заманауи сын-қатерлерге жауап беру тетіктері де қамтылған.
Асхат Рахымжанов: Жаңа Конституция азаматтардың елдің саяси өміріне қатысу мүмкіндігін кеңейтеді
Айдарбек Қожаназаров басқару жүйесіндегі институционалдық өзгерістерге де назар аударды.
«Бірпалаталы Парламент – Құрылтай қалыптастырылады, оның бақылау функциялары күшейтіледі. Партиялардың маңызы артып, олардың қоғам алдындағы саяси жауапкершілігі күшейеді. Бұл қадамдар институционалдық тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған», деді фракция жетекшісі.
Сергей Пономарев: Жаңа Конституция Қазақстандағы қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтады
Депутаттың пайымынша, жаңа Конституция ұзақ мерзімді жаңғырудың құқықтық негізін қалайды.
«Жалпы алғанда, жаңа Конституция – жай ғана құқықтық құжат емес. Бұл – институттарды жаңартуға арналған құрал. Біз өкілеттік пен жауапкершілік арасындағы сәйкестік, стратегиялық жауапкершілік пен қоғамдық сенім қалыпты қағидаға айналатын, мықты, әділетті әрі тұрақты Қазақстанның негізін қалаймыз», деп түйіндеді Айдарбек Қожаназаров.
Магеррам Магеррамов Конституция жобасын референдумға шығаруды ұсынды
Айта кетейік, 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өтеді. Тиісті Жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.