Фото: khabar.kz
«Жергілікті бюджет кірісін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығысын ұлғайтуды көздейтін мәслихат шешімінің жобалары әкімнің оң қорытындысы болған кезде ғана қарауға енгізілуі мүмкін», делінген құжатта.
Сонымен қатар құжатта Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасына сәйкес келмейтін мәслихат шешімінің күші сот тәртібімен жойылуы мүмкін екені жазылған.
«Әкімдердің шешімдері мен өкімдерінің күшін тиісінше Қазақстан Республикасының Үкіметі не жоғары тұрған әкім жоя алады, олардың күші сот тәртібімен де жойылуы мүмкін», делінген Ата заңда.
Президенттің кезекті сайлауы: Өкілеттік мерзімі және дауыс беру ережесі нақтыланды