оқ
Президент • 17 Қараша, 2025
Президент «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Заң арқылы жасанды интеллект жүйелері қызметінің негізгі қағидаттары енгізілді. Жасанды интеллект жүйелері ақпараттандыру нысаны ретінде анықталды. Енді жасанды интеллект адамның белгілі бір міндеттерді орындау құралы ретінде қарастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 16 Қараша, 2025
БҰҰ: Адамдар жыл сайын 1 млрд тоннадан астам азық-түлікті қоқысқа тастайды
Әлем халқы жыл сайын 1 миллиард тоннадан астам азық-түлікті қоқысқа тастайды, ол жаһандық парниктік газдар шығарындыларының 10 пайызын құрайды. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Қараша, 2025
Қарағандыда 17-қабаттан секірмек болған қыз құтқарылды
Қарағандыда төтенше жағдайлар қызметі мен полиция бірігіп, 17-қабат терезесінен секірмек болған бойжеткеннің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Қараша, 2025
Павлодар облысында зауыт жұмысшысы күйіп қалған
Жазатайым оқиға – 12 қарашада аталған облысқа қарасты Ақсу қаласында болған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 14 Қараша, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті
«Ташкент-Хумо» әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай құрмет қарауылы мен әскери үрмелі оркестрі сап түзеді. Қазақстан Президентін Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды. Қазақстан мен Өзбекстанның әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Ташкентке мемлекеттік сапармен барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экология • 14 Қараша, 2025
Семей оқушылары пластик қақпақтардан экоқоқыс жәшігін жасады
Аталған қаладағы №51 «Келешек мектебінің» 6-7 сынып оқушылары пластик бөтелке қақпақтарын жинап, оларды қайта өңдеу арқылы мектеп дәлізіне арналған экоқоқыс жәшігін дайындады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 14 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығындағы цифрлық шешімдер көрмесін аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы аясында агроөнеркәсіп кешенінде қолданылатын цифрлық шешімдер көрмесімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 14 Қараша, 2025
Президент: Біздің ведомстволар түрлі жоспарлар мен жол карталарын әзірлеумен әуестеніп кетті
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Қараша, 2025
Президент Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысып отыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 14 Қараша, 2025
Мектеп оқушыларына 10 күн демалыс беріледі
Ел мектептерінде екінші тоқсан аяқталып келеді. Қысқы демалыс 2025 жылдың 29 желтоқсанында басталып, 2026 жылдың 7 қаңтарына дейін жалғасады. Оқушылар 10 күн демалып, 8 қаңтарда мектепке оралады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 13 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге хат жолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев хатта Ресейге жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша Владимир Путинге ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қоғам • 13 Қараша, 2025
Салдары ауыр болады: Оқу-ағарту министрлігі оқушыларға ескерту жасады
Оқу-ағарту министрлігі балалар мен жасөспірімдерді қауіпсіздік мәселелеріне бейжай қарамауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 13 Қараша, 2025
Астанада лифт құлады: қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар
Астанада лифт құлап, салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам зардап шеккен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 13 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкентке мемлекеттік сапармен барады
Ақорда Мемлекет басшысының алдағы күндерге арналған жұмыс кестесін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 13 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары аяқталды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 12 Қараша, 2025
Мәскеу көшелерінің біріне Шоқан Уәлихановтың есімі берілді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ықпалдастықтың кең көлемді мәселелері қарастырылды, деп хабарлайды Ақорда.
Балалар • 12 Қараша, 2025
Балалар құқығын қорғау: 40 оқушы Республикалық кеңес құрамына қабылданды
Елімізде мектеп парламенттері мен балалар қозғалысының көшбасшылары арасында балалар омбудсмендерін сайлау өтіп, іріктеу нәтижесінде еліміздің түкпір-түкпірінен 40 жас құқық қорғаушы қабылданды. Енді барлық өңірлердегі оқушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға атсалыспақ. Еске салайық, балалар өкілдігі институты өз қызметін 2020 жылдан бері атқарып келеді. деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 11 Қараша, 2025
Ресейдің Су-35 ұшақтары Президент Тоқаевтың ұшағымен қатарласып ұшты
Мемлекеттік шекарадан өткен сәттен Мәскеу әуежайына қонғанға дейін Ресейдің әуе кеңістігінде Қазақстан Президентінің бортымен бірге РФ Қорғаныс министрлігінің Су-35 ұшақтары қатарласып ұшқан, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мектеп • 11 Қараша, 2025
Бейіндік сыныптарда қанша оқушы кәсіби дағдыларды игереді?
Жұмысшы мамандықтары жылы шеңберінде еліміздің орта білім беру ұйымдарында ашылып жатқан 1000 бейіндік сыныптарда 31 мыңнан астам оқушы білім алып, кәсіби дағдыларды игереді деп жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Қараша, 2025
Президент: Еліміздегі тілдердің алуан түрлілігі – біздің ерекше артықшылығымыз
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Российская газета» басылымында жарияланған мақаласында еліміздегі тілдердің алуан түрлілігін ерекше артықшылық деп атап өтіп, орыс тілін қолдаудың маңыздылығына тоқталды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Қараша, 2025
Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 30 млрд АҚШ долларына жуықтады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге жасалатын мемлекеттік сапары қарсаңында екі ел арасындағы қатынастардың жаңа белесіне жол ашатын маңызды құжатқа қол қойылатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Қараша, 2025
Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңіне қадам басты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Российская газета» басылымына жариялаған «Мәңгілік достық – халықтарымыз үшін жарқын жол» атты мақаласында екі ел арасындағы транспорттық-логистикалық саланың маңыздылығына тоқталады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан мен Ресейдің серіктестігі – өзара сенім мен тұрақтылықтың үлгісі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Российская газета» басылымына жарияланған мақаласында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін атап өтті. Ол Ресей Президенті Владимир Путиннің белсенді және нәтижелі қызметі Қазақстан мен Ресейдің өзара жетістіктеріне тікелей ықпал еткенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Қараша, 2025
«Российская газета» басылымына Қазақстан Президентінің мақаласы шықты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына сапары қарсаңында «Российская газета» басылымына «Мәңгілік достық – халықтарымыз үшін жарқын жол» атты мақаласы жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 10 Қараша, 2025
Оқу-ағарту министрі Жазушылар одағы басшысымен кездесті
Оқу-ағарту министрі мен Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы кездесіп, білім мен шығармашылық саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады
Мемлекет басшысы Президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Орал қаласында өтетін ХХІ Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысады6 деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасарын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуровты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Зерде • 10 Қараша, 2025
Халықаралық білім бәйгесінде Қазақстан оқушылары 100% нәтиже көрсетті
Душанбеде (Тәжікстан) осы айдың 5-9 күндері аралығында өткен KhIMIO2025 халықаралық математика және информатика олимпиадасында Қазақстан оқушылары қоржынға 8 медаль салды. Аталған білім бәйгесіне дарынды оқушылар 10 мемлекеттен қатысқан, деп жазады Egemen.kz.