Оқиға • 19 Қаңтар, 2026

Емтихан тапсыру кезінде автокөлік аударылып қалған

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға Шымкент қаласында тіркелді. Жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихан тапсырып жатқан кезде жол-көлік оқиғасы болған, деп хабарлайды Egemen.kz

Емтихан тапсыру кезінде автокөлік аударылып қалған

Фото: Ашық дереккөз

Автодромда сынақтан өтіп жатқан қыз бала газ бен тежегішті шатастыруы салдарынан көлік аударылып кеткен. Оқиға емтихан алаңында болған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім ауыр жарақат алмаған. Алайда көлікке көлікке айтарлықтай материалдық залал келген.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар