м
Оқиға • 02 Қаңтар, 2026
Көлік нөмірін таңдау: 5 қаңтардан бастап кез келген әріп пен санды сатып алуға болады
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда көлік иелері үшін мемлекеттік нөмірлерді таңдаудың жаңа ережелері күшіне енеді. Енді азаматтар 5 қаңтардан бастап белгіленген баж салығын төлеп, нөмірдегі цифрлар мен әріптерді өз қалауынша құрастыра алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Қаңтар, 2026
1,6 мың шақырым жол жөнделіп, 2 мыңға жуық жаңа вагон беріледі
Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов Президент тапсырмалары аясында теміржол инфрақұрылымын дамытудың белсенді кезеңі басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Қаңтар, 2026
Қазақстан ТМД-да алғашқы: Құтқарушылардың бірыңғай ведомствоаралық радиожелісі іске қосылды
Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінде стратегиялық маңызы бар орасан зор жоба жүзеге асырылды. Еліміздің барлық өңірлерін бір арнаға тоғыстырған бірыңғай ведомствоаралық УҚТ-радиобайланыс (ультрақысқа толқын) желісі жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 02 Қаңтар, 2026
Жиһаз бен макарон өнімдеріне салынатын салықтар жеңілдетілді
АҚШ президенті Дональд Трамп импорттық тауарларға қатысты протекционистік саясатын жұмсартып, жиһаз бен италиялық макарон өнімдеріне салынатын баж салығын өзгертті. Бұл шешім америкалық тұтынушылар арасында бағаның өсуіне қатысты наразылықтар мен сауда серіктестерімен жүргізілген келіссөздерден кейін қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Қаңтар, 2026
2026 жылы күнтізбеде қандай өзгеріс бар?
Электронды үкімет порталында 2026 жылға арналған ресми демалыс күндерінің кестесі жарияланды. Биыл мерекелердің басым бөлігі сенбі-жексенбіге сәйкес келетіндіктен, ел тұрғындары үшін демалыс күндері едәуір ұзаратын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 01 Қаңтар, 2026
Алматыда 12 қабатты үйден өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды
Алматы қаласы ТЖМ бөлімшелері Бостандық ауданы Рысқұлбеков көшесіндегі пәтердегі өртті сөндірді, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 01 Қаңтар, 2026
Таразда көпқабатты үйдегі өртке байланысты төтенше жағдай жарияланды
1 қаңтар күні Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы «Қарасу» шағынауданындағы шатыры өртенген №15 көпқабатты үйді аралап, тұрғындарының жағдайымен танысты, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 01 Қаңтар, 2026
Алматының ботаникалық бағына кіру билеттерінің бағасы өсті
Алматының ботаникалық бағы қосымша құн салығына байланысты кіру билеттерінің бағасын өсірді, деп жазады Egemen.kz.
Ән • 01 Қаңтар, 2026
«Қазақстан – Армения – Венгрия – Қытай – Малайзия – Түркия – Чехия – Германия – АҚШ – Мексика – Испания – Ұлыбритания – Латвия» – Димаш Құдайбергеннің «Жаһанкез» атты шығармашылық сапары 2022 жылы Алматы қаласында басталып, елдер мен құрлықтарды аралай келіп, 2025 жылы Ригада мәресіне жетті, деп жазады Egemen.kz dimashnews.com сайтының мәліметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Қаңтар, 2026
Министр: Жеке деректерді жария қылғандар айыппұл арқалайды
Қазақстан мәліметтерді жасырып, хештеуді, сондай-ақ ақпарат таратумен күресу үшін базадан ақпаратты жаппай пайдалануға тыйым салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары - Жасанды интеллект министрі Жасұлан Мәдиев депутаттық сауалға жауап беру барысында айтты. Ол Қазақстанда тексеріс жүргізіп, дербес деректер саласындағы бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту мүмкіндігі қарастырылатынын мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Қаңтар, 2026
Қазақстанда ең ірі биофармацевтикалық кешен салынады
Қазақстанда құны 103 млрд теңгеден асатын заманауи толық циклді биофармацевтикалық кешен салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Қаңтар, 2026
«Зейнетақы, жәрдемақы, айыппұл»: 2026 жыл ел тұрғындарына қандай өзгеріс әкеледі?
Жаңа 2026 жыл айтарлықтай өзгеріс әкеледі. Ендеше, нендей жайттарға дайындалу керек? Осы жылы ел тұрғындарын түрлі салада бірқатар өзгерістер күтіп тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 01 Қаңтар, 2026
Қарағанды облысында Samsung компаниясының өндірісі іске қосылды
Оңтүстік Кореялық Samsung Electronics компаниясы Қазақстанда теледидар мен кір жуғыш машиналарын шығару өндірісін ресми түрде іске қосты. Бұл – алып компанияның Орталық Азиядағы алғашқы өндірістік жобасы. Өндірістің ашылуы – Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін нығайту және әлемдік технологиялық брендтердің өңірлерде қатысуын кеңейту бағытында маңызды қадам, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 01 Қаңтар, 2026
«Мерт болған адамдар бар»: АҚШ Кариб теңізінде 2 кемеге соққы берді
31 желтоқсанда АҚШ әскерилері Кариб теңізінде 2 кеме нысанын соққыға ұшыратты. Қаза тапқандар саны – 5 адам. Бұл туралы АҚШ Қарулы күштерінің Оңтүстік командасы әлеуметтік желіде жариялаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Қаңтар, 2026
Қоғамдық көлікте шу шығарған ер адам қамауға алынды
Алматы облысында жүріп келе жатқан автобуста жас жолаушыға дөрекілік көрсетіп және провокациялық әрекет қылған адамның кім екені анықталып, жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Қаңтар, 2026
Қар мен жаңбыр: 1 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» болжамына сәйкес, жаңа жылдың алғашқы күні ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
Медициналық тексеруден өтпек болған ер адам 10 күнге қамалды
Атырауда ер адам есірткі затын медициналық емес мақсатта қолданғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kzі.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
Қазіргі балалар Аяз атаға сене ме?
Интернет пен ақпараттың кең таралуына байланысты балалардың басым көпшілігі Аяз атаның барына күмән келтіреді. Дегенмен кейбір кішкентай балалардың мерекелік атмосфераға және қалыптасып қалған дәстүрге орай сенімі сетінемеген, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2025
Шымкенттегі екі тұрғын үй алабына газ берілді
Шымкент қаласында тұрғын үй алаптарын кезең-кезеңімен газға қосу жұмыстары жалғасып жатыр. Жаңа жыл қарсаңында мегаполистегі екі ірі Алтынтөбе және Тассай шағынаудандарына табиғи газ берілді. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 31 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Қазақстан Президентінің атына шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
Әскери бөлімде Айқас есімді тазы ит қызмет етеді
Ақмолада 44813 бөлімінде әскери қызметшілермен бірге Айқас есімді тазы тұқымынан шыққан ит оқу-жауынгерлік міндеттерді атқарып жүр. Оны бөлімге командирдің жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары майор Нұрлыбек Жаманғарин 2020 жылы Қызылорда облысына қарасты Арал қаласынан алып келген, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 31 Желтоқсан, 2025
Астанада 10 жас ғалымға үй берілді
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде 10 жас ғалымға тұрғын үй сертификаттары салтанатты түрде табысталды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
Ел тұрғындары биыл қанша тонна мандарин тұтынды?
Биылғы алғашқы 10 айда елімізге 75,6 мың тонна мандарин, танжерин және сатсума сорты әкелінді, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 31 Желтоқсан, 2025
Бауыржан Момышұлына арналған мемориалдық тақта ашылды
Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған мемориалдық тақта ашылды. Іс-шара Жамбыл облысы Жуалы ауданының Б. Момышұлы ауылында өтті. Салтанатты жиынға Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 31 Желтоқсан, 2025
Әлем елдері жаңа жылды қалай қарсы алады?
Әлем халықтары үшін Жаңа жыл – күнтізбедегі жаңа күн емес, үміт пен жаңарудың, өткенге есеп беріп, болашаққа сеніммен қараудың бастамасы. Жер шарының әр түкпірінде бұл мереке әртүрлі аталып, әрқилы дәстүрмен тойланғанымен, жаһан жұртын жақсылыққа деген сенім біріктіреді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
Елімізде 50 мыңға жуық жолаушы жаңа жылды пойызда қарсы алады
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мәліметінше, жаңа жыл түні 50 мыңға жуық жолаушы тасымалданады. Мереке қарсаңында жүк қозғалысының 1 685 машинисі, жолаушылар пойыздарының 357 машинисі мен шаруашылық және маневрлік қозғалыстың 698 машинисі кезекшілікке түседі, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
Мемлекет әлеуметтік тапсырысқа бөлінетін қаражат көлемін неліктен ұлғайтты?
Бүгінде елімізде 23 мыңнан аса үкіметтік емес ұйым тіркелген. Олардың 18 мыңнан астамы әлеуметтік маңызы бар бастамаларды белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Бір жағынан бұл көрсеткіш азаматтық қоғамның нығайып, қоғамдық белсенділіктің жаңа деңгейге көтерілгенін аңғартады. Демек өтіп бара жатқан жыл үкіметтік емес ұйымдар үшін нәтижелі әрі мазмұнды болды.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
Astana IT University-де «Есірткісіз әлем» көрмесі өтті
«Esirtkisiz Elorda» қалалық жобасы және «Заң және тәртіп» қағидаты аясында Astana IT University-де қоғамдық-ағартушылық көрме және интерактивті диалог алаңы өтті. Іс-шараны «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы Астана полиция департаментімен бірлесе ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 31 Желтоқсан, 2025
Теңгелік депозиттер бойынша пайыз өсті: салымшылар нені ескеру керек?
Елімізде банктер теңгемен ашылатын депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін көтеріп жатыр. Бұл өзгеріс елдегі ақша-несие саясатына және банк нарығындағы бәсекенің күшеюіне байланысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
2026 жылы кімдер көп табыс табады?
Елімізде келер жылы қай салада жүрген азаматтардың табысы артуы мүмкін екенін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.