Фото: Kazakhstan Embassy in the Rebublic of Korea
Өндіріс туралы
Жаңа өндірістік желілер Қарағанды облысына қарасты Саран қаласындағы Silk Road Electronics зауытында жұмыс істейді. Кәсіпорында 1 100-ден астам қызметкер еңбек етеді.
Жоба Қазақстан үкіметі, жеке инвесторлар және салалық серіктестер қатысатын бірлескен бастама ретінде жүзеге асырылып жатыр. Оның негізгі мақсаты – ішкі машина жасау саласын дамыту және жоғары технологиялық өндірісті локализациялау.
Әлеуеті зор
Зауыттың жылдық қуаты: 150 000 теледидар және 200 000 кір жуғыш машина.
Қазіргі уақытта SmartThings экожүйесін қолдайтын кір жуғыш машиналар, сондай-ақ Crystal UHD 4K, FHD және HD сериялы теледидарлар шығарылады.
2025 жылы сериялық өндіріс басталғаннан бері 42 000-нан астам техника бірлігі шығарылды, оның ішінде жасанды интеллект (ЖИ) элементтері мен қазақ тіліндегі интерфейс бар модельдер бар.
Жоспарда QLED сериялы теледидарларды шығару және 2026 жылғы модельдерге дайындық бар, олар толықтай Samsung халықаралық стандарттарына сәйкес келеді.
Шетел инвесторлары отандық мұнай кен орындарынан кеткісі келмейді. Себебі неде?