Ғылым • Бүгін, 16:00

Астанада 10 жас ғалымға үй берілді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде 10 жас ғалымға тұрғын үй сертификаттары салтанатты түрде табысталды, деп жазады Egemen.kz.

Астанада 10 жас ғалымға үй берілді

Фото: info.homsters.kz

Бұл бастама жас ғалымдарды қолдауға, олардың ғылыми әлеуетін арттыруға және әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.

Аталған іс-шара барысында Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің үш жас ғалымы: Е.Сарсикеев, Л.Аутелеева мен Б. Ысқақова баспаналы болды.

рр

Айта кетейік, мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған мұндай қолдау шаралары жас ғалымдардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, еліміздің ғылыми әлеуетін нығайтуға зор ықпал етеді.

Бұған дейін ҚазҰУ-дың жас ғалымы цикорийдің диабетке қарсы қасиетін дәлелдегенін хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар