Қоғам • 01 Қаңтар, 2026

Қоғамдық көлікте шу шығарған ер адам қамауға алынды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында жүріп келе жатқан автобуста жас жолаушыға дөрекілік көрсетіп және провокациялық әрекет қылған адамның кім екені анықталып, жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғамдық көлікте шу шығарған ер адам қамауға алынды

Фото: Видеокадр

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жанжал туралы ақпарат түскеннен кейін құқық бұзушының жеке басын тез арада анықтау шаралары қабылданған. Ер адам алкогольдік мас күйінде болғанын мойындаған. Іс материалдары сотқа жолданған.

Сот оны азаматтық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындаған.

Полиция департаменті атап өткендей, қоғамдық орындарда дөрекі сөйлеу, балағат сөздер айту және провокациялық әрекеттер жасау қабылданбайды және қатаң түрде тоқтатылуы тиіс.

Құқық қорғау органдары барлық қоғамдық тәртіп бұзушылық фактілеріне принципиалды түрде жауап беретінін және тұрғындарды, сондай-ақ облыс қонақтарын әдептілік сақтауға, өзгелерге құрметпен қарауға шақырады.

Алматы облысында ауыл әкімі мінген көлік аударылып қалды.

Соңғы жаңалықтар

Қарлығаш – құт-береке рәмізі

Наурызнама • Бүгін, 08:45

Кемел әулетінің кемеңгері

Қоғам • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Ақтүтек боран әбігерге салды

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Заманауи медициналық нысандар

Аймақтар • Бүгін, 08:25

Брайль қарпіндегі Ата заң

Ата заң • Бүгін, 08:20

Ажалдан арашалап алды

Қоғам • Бүгін, 08:10

Көрісу күнінің кереметтері

Наурызнама • Бүгін, 08:00