Ел
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2025
Биыл Қазақстан TikTok платформасында нағыз трендсеттерге айналды
Аяқталып келе жатқан жыл TikTok–Қазақстан үшін жаман аяқталмаған сыңайлы. 2025 жылы отандастарымыз осы платформада #Наурыз2025 және #нетамашалаймыз сынды трендтік хэштегтерімен белсенді контент жасап, Дженнифер Лопес, Backstreet Boys сынды әлем жұлдыздарының концерттерінен түсірген бейнелерін бөлісіп, футболшыларымыздың Чемпиондар лигасындағы жетістіктерін жіті қызығушылықпен бақылап отырғаны аян, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 12 Желтоқсан, 2025
Тимур Турлов «Транстелеком» акцияларын сатып алады
Тимур Турлов «Транстелеком» акцияларын сатып алу бойынша келісімге қол жеткізді. Бұл компанияның бұрынғы серіктесі Нұрали Алиев болса, қазіргі уақытта акциялардың бір бөлігін Ғалымжан Есенов иемденіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 12 Желтоқсан, 2025
Зеленский Украинадағы сайлауды атысты тоқтату шартымен өткізуге дайын
Украина Президенті Владимир Зеленский елдегі президенттік сайлауды өткізу үшін дауыс беру кезінде атысты тоқтату керек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Президентін құттықтады
Мемлекет басшысы Швейцария Конфедерациясының Президенті болып сайлануына орай Ги Пармеланға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 12 Желтоқсан, 2025
Көк тумен көмкерілген дүкен: Кәсіпкердің ерекше бастамасы ел тұрғындарын қуантты
Елордадағы шағын дүкеннен басталған қарапайым ғана идея Тәуелсіздік күні қарсаңында бүкіл елге үлгі болып, ұлттық реңк беретін жаңа челленджге ұласты. Көк туға деген құрметтен туған бұл әрекетке ел тұрғындары ғана емес, шетелдік белсенділер де қолдау білдіріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 11 Желтоқсан, 2025
Алматы әкімі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесті
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Тәуелсіздік күні және Желтоқсан оқиғасының 39 жылдығы қарсаңында Желтоқсан көтерілісіне қатысқан азаматтармен кездесті. Әкім Алматының қоғамдық өміріне белсене үлес қосып жүрген желтоқсаншылардың патриоттық ұстанымын, азаматтық позициясын және ұлттық құндылықтарға беріктігін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025
Жаңаөзен қаласына 5 жаңа жедел жәрдем автокөлігі берілді
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жаңаөзен қаласына жұмыс сапарымен барып, қалалық жедел медициналық көмектің материалдық-техникалық базасын жаңарту мақсатында Жаңаөзен қалалық жедел жәрдем бөлімшесіне Hyundai Staria маркалы бес жаңа жедел жәрдем автокөлігін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025
Түркістан облысында тариф бағасын негізсіз көтерген мекемелер анықталды
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облыстық департаменті биыл облыс көлемінде 62 кәсіпорынға мониторинг жұмыстарын жүргізген. Оның қорытындысы бойынша 58 заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Желтоқсан, 2025
Қазақстан мен Иран президенттерінің келіссөзі кеңейтілген құрамда жалғасты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Каспий аймағындағы маңызды әрі сенімді серіктес ретінде Иранмен ықпалдастықты нығайтуға мүдделі екенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 11 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы мен Иран Президенті шағын құрамда келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иран Президенті Масуд Пезешкиан шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2025
Балқаш көлі маңындағы жер телімі мемлекетке қайтарылды
Өңірлік туристік кластерді дамыту жөніндегі Президент тапсырмасын орындау шеңберінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің (АШМ) Қарағанды облысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаменті (ЖРБД) Балқаш көлі жағалауы маңына жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп жазады Egemen.kz.
Банк • 11 Желтоқсан, 2025
S&P: Қазақстанның банк секторындағы тәуекелдер азайды
2025 жылғы 5 желтоқсанда S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның банк секторындағы салалық тәуекелдің даму үрдісін оң бағалады. Бұл өзгеріс соңғы бірнеше жылдағы реттеу мен қадағалаудың күшеюімен байланысты болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тәуелсіздік • 10 Желтоқсан, 2025
Тәуелсіздік күні: Нұрлан Қоянбаевтың флешмобы әлеуметтік желіде тарады
Threads тек жазбалар платформасы болудан қалып, ортақ эмоция білдіретін кеңістікке айналды. Мұнда әрбір хабарлама адамдарды біріктіріп, патриот болуға үндей алады. Бірнеше апта бұрын танымал продюсер, тележүргізуші және актер Нұрлан Қоянбаев флешмоб бастады. Оның мақсаты – әр сәрсенбі Қазақстанға пост арнау, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 10 Желтоқсан, 2025
Елде мемлекеттік сервистерге қолжетімділік қиындай түсті: Министрлік себебін түсіндірді
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Бас прокуратурамен бірлесіп мемлекеттік онлайн-сервистерге кіру ережелерін күшейтті. Шаралар телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың алдын алуға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 10 Желтоқсан, 2025
Атом саласына қажетті мамандарды шетелде оқытуға грант бөлінеді
Қазақстан атом энергетикасы саласын дамытуға бағытталған маңызды қадам жасады. Елдегі Атом энергетикасы жөніндегі агенттік Ғылым және жоғары білім министрлігі, Халықаралық бағдарламалар орталығы, сондай-ақ «Қазақстандық атом электр стансалары» ЖШС-мен бірге, атом саласына қажет кәсіби кадрлық резерв қалыптастыруға арналған арнайы гранттар бөлу жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Депутат: Шетелден қаражат алушылардан ашықтық талап етілуі қажет
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Магеррам Магеррамов өз сауалын Премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жолдады. Депутат шетелдерден қаражат алушыларға (2025 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша тізілім Мемлекеттік кірістер комитеті сайтында жуырда жарияланған) қатысты мәселені көтерді, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 10 Желтоқсан, 2025
«Қазпоштаның» бұрынғы басшысы Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болып тағайындалды
Әсел Жанасова Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 10 Желтоқсан, 2025
Жазушылар одағының төрағасы Нобель сыйлығының лауреатымен кездесті
Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов Нобель сыйлығының лауреаты, Қытай жазушысы Мо Янмен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 10 Желтоқсан, 2025
Жаңа жылда ел тұрғындары қанша күн демалады?
2025 жылдың желтоқсанында ел тұрғындары бес күндік жұмыс аптасы бойынша 9 күн, ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 4 күн демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Желтоқсан, 2025
«Жас сарбаз» әншісі жаһанды мойындатты
Жасмина Түзелова – Қорғаныс министрлігінің «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының мүшесі. Ол жуырда Мәскеуде өткен «Голос. Дети» шоуының он екінші маусымында үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Депутат: Өзгелерді кемсітіп сөйлейтін блогерлерге қылмыстық жаза қолдану керек
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлан Әбдиев мүгедектігі бар адамдарға қатысты мәселелерді көтеріп, депутаттық сауалын Премьер-Министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Дәл осы күні ел атауы өзгерді: 10 желтоқсан біз үшін неліктен тарихи күн?
Ел тарихында дәл осы күні Қазақ КСР-і атауы Қазақстан Республикасы деп ресми бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 10 Желтоқсан, 2025
Зеленский Украинада сайлау өткізуге дайын екенін мәлімдеді
Украина президенті Владимир Зеленский шұғыл брифинг өткізіп, бірқатар маңызды мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Киев қазір бірқатар халықаралық бастамаларды талқылап жатыр және сайлау өткізуге де дайын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 10 Желтоқсан, 2025
Аустралияда 16 жасқа толмағандар енді әлеуметтік желілерге кіре алмайды
Әлемде алғаш рет Аустралия билігі кәмелеттік жасқа толмаған балалардың TikTok, YouTube, Instagram және Facebook сияқты ірі әлеуметтік желілерге кіруіне тыйым салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 09 Желтоқсан, 2025
Алматы билігі делдалдардан құтылу үшін коммуналдық жәрмеңкелер өткізбек
Бүгін Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды коммуналдық жәрмеңкелер құруды көздейтін кеңес өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 09 Желтоқсан, 2025
Қазақстан теннисшісі Сауд Арабиясында топ жарды
WTT Youth Contender үстел теннисі турнирі Сауд Арабиясындағы Даммам қаласында өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Ресейдің Қазақстандағы елшісін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 09 Желтоқсан, 2025
Президент бірқатар елдегі Қазақстан елшілерін тағайындады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елдегі Қазақстанның елшілерін тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 09 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда 13 мың шақырым автожол жөнделді
Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев республика бойынша жүргізіліп жатқан автомобиль жолдарын жөндеу және өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 08 Желтоқсан, 2025
Желтоқсан оқиғасы кезінде зардап шегіп, кейін сол жараның кесірінен өмірден ерте өткен солтүстікқазақстандық боздақ Нұржан Қалиасқаровты еске алуға арналған волейбол туранирі Петропавл қаласында жыл сайын өткізіліп келеді деп хабарлайды Egemen.kz.