Айта кетейік, бұған дейін полиция әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында кәмелетке толмағандардың азаматтарға агрессивті әрі әдепсіз әрекет көрсеткен бейнежазбаларын анықтаған.
Кейін бұл жасөспірімдер жедел түрде анықталып, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Ал олардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу міндеттерін дұрыс атқармағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.