Оқиға • Бүгін, 14:37

Екі қызметкер зардап шекті: Атырау облысында полицейлерге шабуыл жасағандар ұсталды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының Мақат ауданында полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған күдіктілердің барлығы анықталып, ұсталды. Оқиға кезінде мас күйдегі бір топ жас агрессивті әрекет танытып, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екі қызметкер зардап шекті: Атырау облысында полицейлерге шабуыл жасағандар ұсталды

Тәртіп сақшылары барлық қатысушыларды жедел түрде анықтап, оларды қамауға алды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция өкілдері құқық қорғау қызметкерлеріне қарсы күш қолдану әрекеттері жазасыз қалмайтынын атап өтті. Заң алдында барлығы тең екені ескертілді.

Қостанайда бір топ мас адам полиция қызметкеріне шабуыл жасады

Оқиға салдарынан екі полицей зардап шекті. Күдіктілердің бір бөлігі оқиға орнында ұсталса, қалғандарына іздеу жарияланып, кейін толықтай қолға түсті.

Соңғы жаңалықтар