трамп
Әлем • Бүгін, 11:53
АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады
АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай елде шектеулі сериямен Дональд Трамптың бейнесі бар жаңа паспорттар шығару жоспарланып отыр. Құжаттың сыртқы келбеті жаңартылғанымен, қауіпсіздік талаптары бұрынғыдай сақталады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • Кеше
Израиль Ливанға әуеден шабуыл жасады
Израильдің Ливанның оңтүстігіне жасаған әуе соққылары салдарынан кемінде төрт адам қаза тапты. Тағы ондаған адам жарақат алған, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • Кеше
Трампқа қастандық жасамақ болған күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін
АҚШ-та президентке қастандық жасамақ болды деген күдікпен ұсталған азаматқа өмір бойына бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 27 Сәуір, 2026
Трамп қатысқан кеште оқ жаудырған күдікті сот алдында жауап береді
АҚШ-тың Вашингтон қаласында журналистерге арналған қабылдау кешінде қарулы шабуыл жасаған күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. CNN дерегінше, оған бірнеше бап бойынша айып тағылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 26 Сәуір, 2026
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Кеше Вашингтонда тілшілерге арналған кеште атыс болып, АҚШ президенті Дональд Трамп жедел түрде қауіпсіз жерге жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 24 Сәуір, 2026
Израиль мен Ливан арасындағы бітім үш аптаға ұзартылды
Израиль мен Ливан арасындағы атысты тоқтату режимі үш аптаға дейін ұзартылды. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 21 Сәуір, 2026
Зеленский: Трамп факторы Украинаға толық қауіпсіздік кепілі бола алмайды
Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің жаңа шабуылдан бас тартуын тек Трамп факторымен байланыстыруды әлсіз аргумент деп бағалады. ICTV телеарнасына берген сұхбатында ол қауіпсіздік кепілдіктері нақты әрі ұзақ мерзімді болуы тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 13 Сәуір, 2026
Трамптың мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы күрт қымбаттады
Әлемдік мұнай нарығында баға қайтадан шарықтап, Brent маркалы мұнай құны 100 долларлық межеден асты. Бағаның күрт өсуіне АҚШ президенті Дональд Трамптың Ормұз бұғазын бұғаттау туралы мәлімдемесі түрткі болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Сәуір, 2026
Инфрақұрылымды жою қаупі: Трамп Иранға тағы да сес көрсетті
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатысты қатаң мәлімдеме жасап, егер келісімге келмесе, елдің маңызды инфрақұрылымына соққы жасалуы мүмкін екенін тағы да ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 01 Сәуір, 2026
АҚШ әскері Ираннан кете ме? Трамп маңызды үндеу жасайды
АҚШ Президенті Дональд Трамп Ирандағы жағдайға қатысты маңызды үндеу жасайды. Бұл туралы Трамп әкімшілігінің баспасөз хатшысы Каролин Ливитт мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 27 Наурыз, 2026
АҚШ тарихында алғаш рет: Долларға Трамптың қолтаңбасы қойылады
АҚШ президенті Дональд Трамп ел тарихында алғаш рет өзінің қолтаңбасын америкалық банкноттарға енгізбек. NBC News телеарнасының мәліметінше, бұл бастама АҚШ Қаржы министрлігінің ақпаратында айтылған, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 19 Наурыз, 2026
Трамп: Иран Қатарға соққы жасаса, Оңтүстік Парс жойылады
АҚШ-тың президенті Дональд Трамп Таяу Шығыстағы шиеленіс ушыға түссе, Иранның стратегиялық маңызы зор Оңтүстік Парс газ кен орны толық жойылуы мүмкін екенін мәлімдеді. Ол бұл туралы Truth Social әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 18 Наурыз, 2026
Куба президенті Трамппен соғысуға дайын екенін мәлімдеді
Куба президенті Мигель Диас-Канель X әлеуметтік желісіндегі парақшасында кез келген сыртқы агрессор кубалықтардың қарсылығына тап болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 10 Наурыз, 2026
Путин АҚШ-тың Ирандағы операциясына таңданыс білдірді
АҚШ президенті Дональд Трамп 9 наурызда Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, Иранға қарсы әскери операцияны талқылағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 03 Наурыз, 2026
Трамп: Иранға қарсы соққылардың «үлкен толқыны» әлі алда
Таяу Шығыстағы ахуал күрт шиеленісті. АҚШ президенті Иранға қарсы әскери операцияның күшейе түсетінін мәлімдеп, өңірдегі жағдайдың күтпеген бағытта өрбігенін айтты. Оның сөзінше, ең үлкен тосын жайт – Иранның араб елдеріне жасаған шабуылдары, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 02 Наурыз, 2026
Трамп Иранға қарсы операция мерзімін атады
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы әскери операция қажет болған жағдайда төрт-бес аптаға созылуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол New York Times басылымына берген сұхбатында айтты. Ақ үй басшысының сөзінше, АҚШ пен Израиль қазіргі шабуыл қарқынын осы мерзім бойы сақтай алады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 24 Ақпан, 2026
АҚШ өзге ғаламшарлықтар туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
АҚШ президенті Дональд Трамп федералдық агенттіктерге, соның ішінде Қорғаныс министрлігіне, белгісіз ұшатын нысандар (НЛО) мен жерден тыс өмірге қатысты үкіметтік құжаттарды анықтап, жариялау процесін бастауды тапсырғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 24 Ақпан, 2026
Жоғарғы сот шешімі: Трамп енгізген импорттық тарифтер заңсыз деп танылды
24 ақпанда АҚШ-тың Кеден және шекара қызметі Ақ үй әкімшілігі енгізген импорттық баж салығын алуды ресми түрде тоқтатады. Бұған дейін АҚШ Жоғарғы соты бұл тарифтерді заңсыз деп таныған еді. Алымдарды тоқтату шығыс уақыты бойынша сағат 00:01-ден бастап күшіне енеді. Кеден қызметі тасымалдаушыларды ішкі хабар алмасу жүйесі арқылы ескертіп, IEEPA заңы аясында Трамптың жарлықтарына байланысты енгізілген барлық тарифтік кодтар өшірілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 23 Ақпан, 2026
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Полиция қызметкерлері АҚШ президенті Дональд Трамптың Флорида штатындағы Мар-а-Лаго резиденциясының аумағына «рұқсатсыз кірген» ер адамды атып өлтірді. Бұл туралы АҚШ Құпия қызметінің баспасөз хатшысы Энтони Гульельми X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 13 Ақпан, 2026
Трамп АҚШ-тың климаттық нормаларына негіз болған құжаттың күшін жойды
АҚШ президенті Дональд Трамп 2009 жылы қабылданған және елдегі федералдық климаттық талаптардың құқықтық негізі болып келген шешімнің күшін жойғанын мәлімдеді. Аталған құжат автокөлік құралдарының парниктік газ шығарындыларына қойылатын стандарттар мен электр көліктерін қолдауға бағытталған нормалардың тірегі саналған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 04 Ақпан, 2026
Трамп Гарвардтан 1 млр доллар көлемінде өтемақы талап етті
АҚШ-та Гарвард университеті мен Ақ үй арасындағы даулы мәселе қайта ушықты. Дональд Трамп университеттен 1 миллиард доллар көлемінде өтемақы талап етіп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 03 Ақпан, 2026
Трамп: Үндістан Ресей мұнайынан бас тартты
Үндістан Ресейден мұнай сатып алуды тоқтатты. Бұл туралы Дональд Трамп Truth Social желісінде Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен телефон арқылы сөйлескеннен кейін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 29 Қаңтар, 2026
Қазақстан Бейбітшілік кеңесінің құрылтайшысы болды
Қазақстан Дональд Трамп бастамашы болған жаңа халықаралық құрылым – Бейбітшілік кеңесінің негізін қалаушы мемлекеттердің бірі ретінде ресми мәртебе алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Қаңтар, 2026
Екі ел басшылары Давоста не жөнінде әңгімелесті?
Бірқатар БАҚ өкілдері Давоста өткен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсімінде Мемлекет басшысы мен Америка Президенті арасындағы қысқаша әңгіменің мазмұнына қатысты сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 22 Қаңтар, 2026
Бейбітшілік кеңесі БҰҰ-ға балама құрылымға айналуы мүмкін бе?
Швейцарияның Давос қаласында өткен рәсімде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды. Құжатқа қол қою салтанатына 18 елдің басшылары мен ресми өкілдері қатысты. Бұл оқиға халықаралық саясаттағы жаңа құрылымның пайда болғанын аңғартты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2026
АҚШ-тан көшкендер саны келушілерден асып түсті: Трамп эмиграция мәселесін қалай шешті?
Соңғы зерттеулер көрсеткендей, 2025 жылы АҚШ-тан көшкендер саны келушілерден асып түскен. Мұндай жағдай соңғы рет осыдан 50 жыл бұрын болған екен. Сарапшылар бұған АҚШ президенті Дональд Трамптың эмиграцияға байланысты ұстанған қатаң саясаты себеп болғанын айтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 21 Қаңтар, 2026
Әзербайжан Трамптың Бейбітшілік кеңесіне шақыруын қабылдады
Бұл шақырту шамамен 60 елге жіберілген, олардың қатарында Қазақстан, Ресей, Беларусь және Армения бар. Мәскеу бұл ұсынысты зерделеп жатыр, ал Астана, Минск және Ереван оны қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 21 Қаңтар, 2026
Давос қаласына бет алған АҚШ президентінің ұшағынан ақау шығып, кері қайтты
Швейцарияның Давос қаласына бет алған АҚШ президенті Дональд Трамп мінген Air Force One ұшағы кенет бағытын өзгертіп, Мэриленд штатындағы базаға кері оралды, деп хабарлайды Egemen.kz Daily Mail-ге сілтеме жасап.
Әлем • 19 Қаңтар, 2026
Украинаға қауіпсіздік кепілдіктері беріле ме?
Давоста өтіп жатқан Дүниежүзілік экономикалық форумда Украина тақырыбы Дональд Трамптың Гренландияға қатысты талаптарына байланысты екінші орынға ысырылды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 19 Қаңтар, 2026
Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Газа бойынша Бейбітшілік кеңесінің мүшесі болуға шақырды
АҚШ Президенті Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Газа бойынша құрылатын Бейбітшілік кеңестің құрамына кіруге ресми шақырып, ал Қазақстанға құрылтайшы мемлекеттердің бірі болуға ұсыныс білдірді, деп жазады Egemen.kz.