Президент • Бүгін, 18:38

Екі ел басшылары Давоста не жөнінде әңгімелесті?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірқатар БАҚ өкілдері Давоста өткен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсімінде Мемлекет басшысы мен Америка Президенті арасындағы қысқаша әңгіменің мазмұнына қатысты сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі ел басшылары Давоста не жөнінде әңгімелесті?

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Давос форумында таратылған «Президент Дональд Трамптың 365 күн ішіндегі 365 жеңісі» деп аталатын ресми құжаттың 177-тармағында Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылғаны жетістік ретінде көрсетілгеніне назар аударды.

Президент Давостағы Конгресс орталығына барды

Бұдан бөлек, Президент Америка көшбасшысына ақыл-парасатқа негізделген ішкі саясатты жүзеге асыруда табыс тіледі.

Президент Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды

Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесін құру туралы бастамасына қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Бейбітшілік кеңесі БҰҰ-ға балама құрылымға айналуы мүмкін бе?

Соңғы жаңалықтар