Зеленскийдің сөзінше, егер халықаралық серіктестер майдан шебінен табылмаса, Ресейдің уақыт өте қайта шабуыл жасауына ешқандай кедергі жоқ.
«Егер біздің серіктестеріміз майданда болмаса, Ресейдің қайта шабуыл жасамасына кім кепіл бола алады? Оны не тоқтатады?», деді ол.
Сондай-ақ Украина басшысы АҚШ-тағы саяси жағдайға да назар аударды. Оның айтуынша, Трамптың билікте болу мерзімі шектеулі, сондықтан тек бір тұлғаға сенім арту жеткіліксіз.
Германия Украинаға әуе қорғанысын күшейтуге миллиардтар бөлді
«Трамп тағы екі жарым жыл ғана қызмет етеді. Ал одан кейін не болады?», деп атап өтті Зеленский.
Бұған дейін АҚШ Украинаға нақты қауіпсіздік кепілдіктерін тек соғыс аяқталғаннан кейін беруі мүмкін екенін мәлімдеген. Сонымен қатар бұл мәселе Донецк және Луганск облыстарының бір бөлігінен украин әскерін шығару шарттарымен байланысты екені айтылған.
Зеленский Трамппен Украина мен АҚШ арасындағы еркін сауда туралы келісімді талқылады
Қазіргі уақытта Украина билігі елді болашақ қауіптен қорғауға бағытталған жаңартылған қауіпсіздік кепілдіктері құжатын дайындап жатыр.
Нұрболат АМАНБЕК