Назерке ЖҰМАБАЙ
Назерке ЖҰМАБАЙ«Egemen Qazaqstan»
170 материал табылды

Театр • 10 Желтоқсан, 2025

Көпке қойылған көркем сауал

Қуыршақтар жансыз дүние деп кім айтты? Олар кейде адам жүрегінің айқайын, жанның ең терең тылсымын, тіпті сөзбен айтып жеткізе алмайтын күйзелісті де әйгілеуге қауқарлы. Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры көрерменге дәл осындай рухани салмағы зор, ой тереңіне жетелейтін ерекше қойылым – «Мен кіммін?» спектаклінің премьерасын ұсынды.

Театр • 09 Желтоқсан, 2025

Мюзикл әлеміне саяхат

«Astana Musical» мемлекеттік театры оныншы мерейтойлық маусымын атап өтті. Айтулы өнер оқиғасына орай көрерменге арнайы дайындалған «Мюзикл әлеміне саяхат» атты мерекелік бағдарлама ұсынды.

Театр • 03 Желтоқсан, 2025

Жаңалығы жетерлік «ROMEO & JULIET»

«Бұл дүниеде Ромео мен Жульетта туралы хикаядан асқан мұңды повесть жоқ» дейді көне заманнан жеткен әйгілі сөз. Осы бір мәңгілік махаббат туралы аңыз ғасырлар өтсе де, өз мәнін жоймай, көрермен жүрегін тербеп келеді. Уақытқа бағынбайтын әйгілі трагедия жақында Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры сахнасында жаңаша өріліп, өзгеше бояуда көрерменін қуантты.

Руханият • 28 Қараша, 2025

Дәстүр мен технологияны тоғыстырған сән өнері

Әйгілі академик Әлкей Марғұланның «Қазақ халқы кілең ою-өрнек ортасында өмір сүреді» деген пайымын байыптасақ, еліміз үшін ұлттық ерекшелік қашанда басты орында екені айқындала түседі.

Руханият • 26 Қараша, 2025

Сахнадағы тың тәжірибе

М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры көрермен қауымға жаңа маусымда ерекше мәнге ие, гуманистік қуаты зор қойылым ұсынды. Уильям Гибсонның әйгілі пьесасы негізінде қойылған «Сотворившая чудо, или Что такое любовь» музыкалық драмасы – адам ерік-жігерінің шексіздігін, ұстаз бен шәкірт арасындағы нәзік рухани байланысты терең зерттейтін биік өнер туындысы.

Қоғам • 21 Қараша, 2025

Майра Ілиясова: Дәстүрлі ән – ұлт рухының тірегі

Қашан көрсең де жайдары қалпынан бір танбайтын Майра апайдың мамыражай мінезіне үйренген біз, бұл жолы телефон шалып, сұхбат құрғымыз келгенін айтқанда: «Осы «Egemen Qazaqstan» журналистері маған өкпелі ме екен? Көптен бері хабарласпай қойды ғой» деп жүр едім, қоңырау соққаның жақсы болды», деп тұтқаның арғы жағынан назы мен ілтипатын қатар білдірген әнші кездесу орнын белгіледі. Сөзінің де, сазының да бабы келіскен өнер иесі шешіліп сыр ашты. Жансарайының сәулесімен көңілімізге көктем сыйлады. Өзі сияқты әңгімесі де әдемі әнші бүкпесіз ақтарылды.

Өнер • 18 Қараша, 2025

Өнерде жоқ шекара

Еркеғали Рахмадиев атын­дағы мемлекеттік ака­демиялық филармониясы құрамындағы Ғазиза Жұбанова атындағы мем­лекеттік ішекті аспап­тар квартетінің әлем­дік турнесі биылғы күз­дің айрықша оқиғасы ретін­де есте қалды. Өнер­лі төрттік өзінің мемле­кеттік мәртебеге ие бол­ған 30 жылдық мерей­тойын атап өту аясын­да халықаралық сахна­ларға шығып, қазақ музыка­сы­ның бай дәстүрін әлемдік ауди­торияға паш етті.

Өнер • 13 Қараша, 2025

«Дала дауысы» – дарындарға дара мүмкіндік

«Астана Опера» театрының К.Байсейітова атындағы Камералық залы сахнасында жас дарындарды әлемдік сахнада ілгерілетуге бағытталған «Dala Voices» жарқын концерті көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Кеште «Құрмет» орденінің иегері Руслан Баймурзиннің басқаруындағы камералық оркестрдің сүйемелдеуімен әлемдік һәм отандық классика жауһарлары шырқалды.

Театр • 12 Қараша, 2025

Қуыршақ бейнелі Қожа

Кішкентай көрермен үшін тамаша жаңалық! Мемлекеттік қуыршақ театры 13 қараша күні Бердібек Соқпақбаевтың әйгілі «Менің атым – Қожа» шығармасын алғаш рет қуыршақ бейнесінде сахналап, көпшілік назарына ұсынады. Қойылым режиссері – Еркебұлан Қабдыл.

Театр • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Кеше «Астана Балет» театрының сахнасында Наталия Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының мерейтойлық кеші өтті. Бұл ерекше іс-шара – аты аңызға айналған өнер ордасының 80 жылдығы аясында еліміздің түкпір-түкпірінде өткен гастрольдік турдың қорытындысы болды.

Яндекс.Метрика