Тарих • 27 Қаңтар, 2026
Қазір бұл қызды көп адам біле бермейді. Алайда кеңес одағы кезінде Жамбыл секілді ол да біраз дәріптелді. Жыр алыбымен кездесуі ұйымдастырылды. Ол қазақтың алғашқы әртістерінің бірі Хасия Камардинова еді.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2026
Абай қарасөздері «Әлем жады» тізіміне енгізіледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзінде Абай ілімінің ұлттық бірегейлігіміз мен болмысымыздың өзегі болуға тиіс екенін айта келіп, ақынның ой-толғамдары қанша заман өтсе де өзегін жоғалтпайтынын жеткізді.
Таным • 23 Қаңтар, 2026
Қамқорлық қағидасы немесе ізгі дәстүрді жалғастырғандар
Қазақта әуелден бір жақсы қасиет бар. Ол – өзінде аз болса да, басқаларға көмектескісі келіп тұратыны. Бұған қатысты көп мысалды Алаш тұлғалары шығарған «Қазақ» газетінен байқауға болады. Әсіресе оқуға деген талабы күшті, алайда тұрмысы төмен шәкірттерді қолдауда газеттің қосқан үлесі зор болды. Газет бетінен «Мұқтаж шәкірттерге жәрдем» деген арнаулы айдар ашып, әр жерде білім алып жатқан қазақ шәкірттеріне ел ішінен қаражат жинады. Осылайша, бір баланың болса да оқуын ойдағыдай аяқтауына қолғабыс жасады.
Таным • 23 Қаңтар, 2026
23 қаңтарда бүкіл әлемде Қолмен жазу күні тойланады. Бұл атаулы күнді Жазу құралдарын өндірушілер қауымдастығы енгізген. Бастамашылар бұл күні барлық технологиялық құрылғыларды жиыстырып қойып, қолмен жазуға келіскен. Алайда әзірге бұл мүмкін болмай тұр.
Мәдениет • 22 Қаңтар, 2026
«Бір ел – бір кітап» акциясы: Биыл қандай шығармалар дауыс беруге ұсынылды?
2007 жылдан бастап Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапханасы жыл сайын ұйымдастырып келе жатқан «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы биыл да жалғасын табады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Қаңтар, 2026
Мемлекеттік сыйлыққа өтінім қабылданады
Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа өтінім қабылдау басталды. Мемлекеттік сыйлық отандық және шетелдік авторларға әдебиет пен өнер саласындағы үздік шығармалары үшін беріліп келеді.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2026
Қазақстанның тұңғыш мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы өмірден өтті
Қасиетті миғраж түнінің жұмаға қараған таңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алғашқы мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы бақилық болды, деп жазады Egemen.kz.
Таным • 16 Қаңтар, 2026
Уфаға барған іссапарымызда татар-башқұрт ауқаттылары арасынан байлығымен аты шыққан Исмайылбек Ахметкерейұлы есімді қазақ меценатының есімін кезіктірдік. Кеңес өкіметі құрылғанға дейін қазақтың небір байлары ғұмыр кешкені белгілі. Олардың бірі мал, енді бірі егін шаруашылығымен айналысты. Сауда-саттықты кәсіп етіп, ірі жер иеленуші ретінде аты шыққандары да кездесті. Сондай ауқатты қазақтың бірі Елабұға уезінің (қазіргі Татарстан) ірі жер иеленушісі Исмайылбек Ахметкерейұлы еді. Ол сауда-саттықпен, жүк тасымалымен де шұғылданды. Исмайылбектің Пермь мен Уфа қалалары аралығында жүк таситын «Дина» деген жеке пароходы да болған екен.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2026
Балалар әдебиетінің бағбандары
Алматыдағы Ұлттық кітапханада Жазушылар одағы жанындағы Балалар мен жасөспірімдер әдебиеті жанрлық кеңесінің панельдік сессиясы өтті.
Білім • 15 Қаңтар, 2026
11 жастағы астаналық оқушы 4 тілде 853 кітап оқыған
Елорда оқушылары арасында №17 мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы Алтынай Өтеубаева кітап оқудан көш бастады, деп жазады Egemen.kz.