Banner
Серікбол ТІЛЕПБЕРГЕНҰЛЫ
Серікбол ТІЛЕПБЕРГЕНҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
34 материал табылды

Әдебиет • 12 Ақпан, 2026

Қайым Мұхамедхановтың туғанына – 110 жыл: Астанада ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада көрнекті ғалым, абайтанушы, жазушы Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Қайым Мұхамедханов – адал азамат, тарихи тұлға» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Жиын барысында Ғарифолла Есім, Тұрсын Жұртбай, Айгүл Ісмақова, т.б. ғалымдар, зиялы қауым өкілдері қайраткер қаламгердің ғылым мен әдебиеттегі орнына жан-жақты тоқталып, өмірі мен шығармашылығына арналған мазмұнды баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тарих • 12 Ақпан, 2026

Ахмет Байтұрсынұлы Астраханға барған ба?

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы­ның қазақ қала­ла­рын қоспағанда қазіргі Ресей жеріндегі Орынбор, Омбы, Архангельск, Уфа, Қазан, сонымен қатар бүгінгі Өзбекстан астанасы Ташкент, Әзербайжан астанасы Баку қалаларында болғаны белгілі. Кейбірінде қыз­мет істеген, енді біріне жұмыс сапа­рымен барған. Сонымен қа­тар Ахмет Байтұрсынұлы Ресей­де­гі Астрахан қаласына да аялдаған. Зерттеушілердің көзіне түсе қой­маған ұлт ұстазының Астрахан сапары туралы аз-кем айта кетсек.

Тарих • 07 Ақпан, 2026

Бакуде ән салған Әміре

Қазақ әнінің құбылысы болған Әміре Қашаубаев Париж, Майндағы Франкфурт, Мәскеуде ән салғаны белгілі. Сонымен бірге Әміренің Бакуге де табаны тиді. Әнші 1926 жылы Бакуде өткен түркітанушылар съезіне қатысып, өнер көрсетті.

Тұлға • 03 Ақпан, 2026

Шерағаңның қаламгерлік қазынасы

2 ақпан – Ұлттық баспасөз күні «Қазақ газеттері» серік­тестігі мен Ұлттық архив көрнекті жазушы, біртуар редактор Шерхан Мұртазаның жеке қолжазбалары мен құнды құжаттары қорының ашылуына орай дөңгелек үстел өткізді.

Басылым • 31 Қаңтар, 2026

«Қазақ» газеті және ағартушылық миссия

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында «Turkistan» газетіне берген сұхбатында газет-журналдардың қайта өрлеу дәуірі бастауында тұрғанын айта келіп: «Қазіргі таңда баспасөз заман талабына бейімделіп, ақпарат айдынынан өз орнын тауып отыр. Газет тілшілері жан-жақты шолулар мен терең сараптамалар жасауға баса мән береді, ағартушылықпен айналысады. Кәсіби әрі өз ісіне адал журналистер сапалы материалдар әзірлеп, дәстүрлі құндылықтарды сақтауға елеулі үлес қосып келеді», – деген болатын. Шынында мән-мағынасы терең ақпарат – матбұғатта, яки газет-журналда. Қазіргі таңда газет-журналдар ұлт ақпаратының бастауы саналатын «Қазақ» газеті салған сара жолмен жүріп, ағартушылық миссиясын атқарып келеді.

Ғылым • 30 Қаңтар, 2026

Ұлттық кітапхана: Ғылыми кеңес қандай еңбектерге оң баға берді?

Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада Ғылыми кеңестің екінші отырысы өтті. Жиында «Ұлттық кітап. Библиографиялық тарихи шежіре», «Ғасырлар құпиясындағы Отырар кітапханасы», «Кітапханашы нұсқаулығы», «Қазақстан кітапханаларындағы автоматтандырылған ақпараттық жүйелер», – «Тәуелсіздіктің 35 жылындағы Қазақстанның көпшілік кітапханалары: деректер мен оқиғалар хроникасы (1991-2025)» секілді жеті еңбекке оң қорытынды берілді, деп жазады Egemen.kz.

Таным • 30 Қаңтар, 2026

Ұлт зиялыларының ұстаханасы

Биыл – Уфадағы «Ғалия» медресесінің 120 жылдығы. Бұл медре­се ХХ ғасырдың басындағы түркі әлемінің ең озық оқу орны­ның бірі болды. Оқу орны жәдитшілдік білім беру жүйесін заман талабына сай қалыптастырды. Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев, Нұғыман Манаев, Жиенғали Тілепбергенұлы, Ахмет Мамытұлы, т.б. қазақтың 200-ге жуық жігі­ті осы оқу орнынан түлеп ұшты. «Ғалияны» бітіргендер қазақ қоға­мы­на пайдасын тигізіп, ұлттың ұпайын түгендеді.

Таным • 30 Қаңтар, 2026

Сақыпкерей сұлтанның суреті

Берлин қаласында орналасқан Еуропа мәдениеттері музейінің қорында қазақ тарихына қатысты бірталай жәдігер бар. Соның арасында қазақтар бейнеленген бірнеше картина сақталған. Бұл картиналарды 1844 жылы Бөкей ордасында болған Вильгельм Кизеветтер деген неміс суретшісі салған.

Әдебиет • 28 Қаңтар, 2026

«Бір ел – бір кітап» акциясы: Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» кітабы таңдалды

Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада дәстүрлі «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының қорытындысы өтті. Акция аясында 2026 жылы оқитын кітап ретінде көрнекті қаламгер Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» кітабы таңдалып, 2026 жылы бүкіл ел осы туындыны бірге оқитын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Басылым • 28 Қаңтар, 2026

Желі. Жазба. Жеделдік

Әлеуметтік желіні әркім әрқалай қолданады. Біреу есеп берсе, енді біреу естелігін бөліседі. Тағы біреу танылудың мүмкіндігі, күнделік есебінде пайдаланатындар да бар. Желіде әртүрлі саланың адамы отыр. Ал журналистерге желі, соның ішінде фейсбук парақшасы шығармашылық алаңы іспетті. Желінің сондай мүмкіндігін пайдаланған қаламгердің бірі – эссеист, публицист, ғалым Бауыржан Омарұлы.

Яндекс.Метрика