Жәдігер • Бүгін, 08:05
Алматы облысының Жамбыл ауданындағы ақынның музей-үйінде өзі тұтынған жеке заттары сақталған. Жәдігерлер арасында жыр алыбының жеке автокөлігі де бар.
Қоғам • 28 Ақпан, 2026
Қазір көшеге шыға қалып, өткен-кеткен адамдардан «Мешіт деген не?» деп сұрап көріңізші. Басым бөлігі «Намаз, құран оқитын жер» деп жауап береді. Алайда мешіттің атқаратын міндеті сол ғана ма? Әрине, олай емес.
Басылым • 27 Ақпан, 2026
«Күншығыс» баспасынан шыққан кітаптар
Мәскеудегі «Күншығыс» баспасынан жарық көрген бірнеше қазақ кітабының жарық көргеніне биыл бір ғасыр толады. Баспаның атауы ресми түрде «КСРО халықтары кіндік баспасының қазақ-қырғыз бөлімі» деп аталды. 1922 жылы кеңес халықтарына арналған ортақ баспа ретінде ашылды. Баспа КСРО-ға қарасты автономиялық республикалар мен облыстарға арналған кітаптар шығарумен айналысты. Жүз жыл бұрын «Күншығыс» баспасынан қандай кітаптар шықты?
Басылым • 27 Ақпан, 2026
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада әдебиет сыншысы Амангелді Кеңшілікұлының «Атамұра» баспасынан жарық көрген «Жүрек сөзі», «Сөз патшасы» кітаптарының таныстырылымы өтті. Сонымен қатар жиында қаламгердің Ромен Ролланнан аударған «Толстойдың өмірі» кітабы да оқырмандарға таныстырылды.
Тарих • 20 Ақпан, 2026
Тіл тазалығы – ғасырға ұласқан мәселе
Осыдан тура 100 жыл бұрын, «Еңбекші қазақ» газетінің 1926 жылғы №29 санында «Баспасөз қатесіз болсын!» деген мақала жарияланды. Авторы – Міржақып Дулатұлы. Міржақып мақаласын Мадияр бүркеншік есімімен жазды.
Басылым • 20 Ақпан, 2026
Биыл – Омбы қаласындағы қазақ жастары шығарған «Балапан» қолжазба журналының жарық көргеніне 110 жыл. Журнал 1916-1918 жылдары «Бірлік» ұйымының жанынан шығып тұрды. «Бірлік» ұйымы мүшелері қатарында Мағжан Жұмабайұлы, Дінше Әділов, Қошке Кемеңгерұлы, Смағұл Сәдуақасұлы, Асылбек Сейітов, Асқат Сайдалыұлы, Әбдірахман Байділдин т.б. қазақ жастары болғаны белгілі. Олар қазақ халқының мәдениетін, өнерін, әдебиетін көтеру арқылы халықтың ұлттық сана-сезімін оятуды мақсат тұтты. «Балапан» журналын да олар сол үшін шығарды. Алдына осындай үлкен мақсат қойған журналды кімдер басқарды?
Тағзым • 19 Ақпан, 2026
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада тіл білімі саласының өзекті мәселелеріне арналған ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтті. Сондай-ақ жиында академик Шора Сарыбаевтың ғылыми еңбектері көпшілікке таныстырылды.
Таным • 13 Ақпан, 2026
«Жамбыл – менің жай атым, Халық – менің шын атым», деген жыр алыбының жыршылық өнері зерттеу нысанасына айналғанымен, оның айналасы әлі толық зерделеніп біткен жоқ. Әсіресе ақынның жанында жүріп хатшысы қызметін атқарған ақындар жайында көп айтыла бермейді. Осы орайда жыршының 180 жылдығы қарсаңында оның әдеби хатшысы қызметін атқарған қаламгерлер тақырыбын арнайы қаузадық.
Тарих • 12 Ақпан, 2026
Ахмет Байтұрсынұлы Астраханға барған ба?
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының қазақ қалаларын қоспағанда қазіргі Ресей жеріндегі Орынбор, Омбы, Архангельск, Уфа, Қазан, сонымен қатар бүгінгі Өзбекстан астанасы Ташкент, Әзербайжан астанасы Баку қалаларында болғаны белгілі. Кейбірінде қызмет істеген, енді біріне жұмыс сапарымен барған. Сонымен қатар Ахмет Байтұрсынұлы Ресейдегі Астрахан қаласына да аялдаған. Зерттеушілердің көзіне түсе қоймаған ұлт ұстазының Астрахан сапары туралы аз-кем айта кетсек.
Тарих • 07 Ақпан, 2026
Қазақ әнінің құбылысы болған Әміре Қашаубаев Париж, Майндағы Франкфурт, Мәскеуде ән салғаны белгілі. Сонымен бірге Әміренің Бакуге де табаны тиді. Әнші 1926 жылы Бакуде өткен түркітанушылар съезіне қатысып, өнер көрсетті.