Жұлдыз ТОЙБЕК
Жұлдыз ТОЙБЕК«Egemen Qazaqstan»
83 материал табылды

Мирас • 15 Шілде, 2025

Болған ана күмбезі

Болған ана күмбезі – Ұлытау облысының маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштері тізіміне енген ортағасырлық сәулет өнері. Алтын орда дәуірінің ескерткіші Сарысу мен Қаракеңгір өзендерінің құйылысында, Қаражар шатқалында орналасқан.

Жәдігер • 09 Шілде, 2025

Аяққамыр мазары

Темірқұтылық хан – Алтын Орда ханы (1395–1400). Ұрыс ханның немересі. Әмір Темір 1395 жылы Тоқтамысты талқандағаннан кейінгі хан. Билікті ханның атынан Едіге би жүргізді. Сарай, Хажы-Тархан, т.б. қалаларда Темірқұтылықтың есімі жазылған теңгелер табылған.

Еңбек • 03 Шілде, 2025

Іскерлігі мен мәдениеті үйлескен

Жаңаарқа ауданының құрметті азаматы, I дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің иегері Бейбіт Қасенов – қос дәуірдің куәгері. Сезімі тұнық, ойы бекзат, көшелі азамат жетпісті орталап қалған жасына қарамастан, әлі күнге ат үстінен түспей, еліне қызмет етіп келеді.

Байқау • 01 Шілде, 2025

Сүтемген салған соқпақпен

Ол – Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің, Ғарышкерлер музейінің және «Қазақмыс» корпорациясы жанындағы Қ.Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік музейдің алғашқы директоры. Ұзақ жыл архивтік тарихи құжаттар мен құнды қолжазбалар жинап, зерттеп, ел кәдесіне жаратты.­ Бүгінгі Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейі­нің негізін қалады. Ұлытаулықтар Сүтемген Бүкіров есімін сол үшін құрметтейді.

Тұлға • 28 Маусым, 2025

86 жастағы журналист

Ұлытау облысының абыз ақсақалы, ақын, «Құрмет» ор­денінің иегері, Қазақстанның құр­метті журналисі, Ұлытау ауда­нының құр­метті азаматы, Журналистер ода­ғының мүшесі, бір­неше кітаптың авторы Мағзұмбек Машайықұлының жур­на­лис­ти­кадағы еңбегі ерен.

Музей • 27 Маусым, 2025

Ауданда музей ашылды

Тарих пен тағылымды бауырына басып жатқан Ұлытау ауданында жаңадан тарихи-өлкетану музейі ашылды. Салта­нат­ты іс-шараға өңір бас­шы­лығы, белгілі қоғам қайраткерлері, мәдениет майталмандары қатысты.

Заң мен Тәртіп • 25 Маусым, 2025

Кедергісіз кәсіп – дамудың кілті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында кәсіпкерлердің жағдайына тоқталып: «Кәсіпкерлерден мемлекеттік органдардың шектен тыс қадағалап, бақылайтыны туралы шағымдар әлі де түсіп жатыр. Үкімет Бас прокуратурамен бірлесіп, инвестициялық ахуалға әсерін тигізетін жағымсыз үрдістерді жоюы керек. Былтыр бизнес өкілдерімен өткен кездесуде бұл мәселе бо­йынша мен нақты ұстанымды айттым. Бірақ кәсіпкерлер де қаржыны республикалық бюджетке аудару мәселесіне келгенде Үкіметпен және Бас прокуратурамен тығыз байланыста жұмыс істеуге тиіс», деп тапсырған.

Мирас • 24 Маусым, 2025

«Көкмайса» Ұлытаудың бөктерінде...

Ұлт ұясы атанған Ұлытау облысы Ұлытау ауданының Болатсай баурайында «Көкмайса» ұлттық тағамдар мен салт-дәстүрлер фестивалі дүркіреп өтті.

Білім • 12 Маусым, 2025

Үздіктер қатарына енді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың шешімімен Жезқаз­ған қаласындағы №26 мек­теп-гимназия, Сәт­баев қаласының Сәкен Сейфуллин атын­дағы гимназия­сы және Бауыржан Момыш­ұлы атындағы мек­теп-гимназия елі­міз­дегі «Үздік 100 мектеп» қатарына еніп, «Үздік мектеп – 2025» мәртебесіне ие болды.

Ауыл • 11 Маусым, 2025

Терісаққандағы тіршілік

Ұлытау ауданына қарайтын Терісаққан ауылдық округінде 407 тұрғын бар. Бәрі де тұрақты жұмыспен қамтылған. Ауыл азаматтары мектеп, әкімшілік, клуб үйінде еңбек етіп, нәпақасын табады. Көбі мал шаруашылығымен айналысады. Биыл Терісаққандағы «Мұрагер» шаруашылығы 150 гектарға жоңышқа еккен. Атаулы әлеуметтік көмекке әзірге ешкім жүгінбепті.

Яндекс.Метрика