«Таза Қазақстан» • 09 Сәуір, 2026
Қоршаған ортаны таза ұстау – ортақ міндет
Ұлытау облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Оның барысында Жезқазған, Сәтбаев қалаларында жалпы аумағы 22 га жер қоқыстан тазартылып, абаттандырылды.
Руханият • 08 Сәуір, 2026
Мұқаш (Мұханбетқали) Сейтқазинов ағаның айтысын тұңғыш рет 1990 жылы Алматы қаласында көргенмін. Біз онда ҚазМУ-дың соңғы курсында оқитын едік. Әр облыстан таңдаулы ақындар, термешілер, жыршылар қатысқан үлкен өнер аламаны өтті. Сол жолы сахнаға домбырасыз шығып, «Дәридай» деп айтысқан Мұқаңа таң-тамаша қалғанбыз. Бұл аздай, Керекуден келген Серік Құсанбаев ағамыз домбыраны солақай тартатын болып шықты. Бірі домбырасыз «дәридайласа», бірі домбыраны солақай ұстап шыққаны, жасыратыны жоқ, басында күлкілі көрінген. Кейін ақындардың табан астында сөз тауып кеткен тапқырлығын, сөз саптауын, тегеурінін көргенде, талантына қайран қалдық.
Қоғам • 07 Сәуір, 2026
Ұлытау облысының құрамына бар болғаны екі аудан кіреді. Соның бірі – Ұлытау ауданы. Ауданға кейінгі үш жылда 46 отбасы 166 мүшесімен қоныс аударды. Ал биылдың өзінде аудан орталығы Жезді кенті мен Егінді, Қарсақбай ауылдарына алғашқы ерікті түрде қоныс аударушылар келе бастады.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2026
Жезді кенті өңірдегі ең үлкен елді мекендер қатарында. Кезінде өндірістік аймақ болып аты дүркіреп шыққан аудан орталығы бүгінде Ұлытау ауданына қарайды. Кентте 755 үй бар. Жергілікті тұрғындар жарықтың жиі сөнуі, бірнеше сағатқа дейін электрдің болмауынан ұзақ жыл бейнет шегіп келеді.
Көрме • 21 Наурыз, 2026
Ұлытаулық суретші-реставратор, Суретшілер және Дизайнерлер одақтарының мүшесі, музей ісінің үздігі Ерғазы Кеңесұлы сияқты алтын қолды шебердің қолынан шыққан құнды дүниелерді көргенде ата-бабамыздан қалған мұраның мәңгілік өлмейтініне көз жетеді. Ұлытау облысының Тарихи-археологиялық музейінде Ерғазының қолынан шыққан жүздеген экспонатқа куә боласыз. Біраз дүниелері қорда жатыр. Қарағанды өлкетану музейінде 40-қа жуық жұмысы бар.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
Қос ғасыр куәгері де қалыс қалмады
Жаңаарқа ауданының тұрғыны 116 жастағы Түймегүл Темірбаева референдумда дауыс беріп, өзінің азаматтық таңдауын жасады. Қарт адамның жасы мен денсаулық жағдайын ескере отырып, учаскелік референдум комиссиясының мүшелері арнайы дауыс беру жәшігін оның үйіне апарды.
Қоғам • 25 Ақпан, 2026
«Оңтүстіктен – Солтүстікке көшу» мемлекеттік бағдарламасы аясында кейінгі екі жылда Ұлытау өңіріне 56 отбасы қоныс аударған. Әсіресе 2025 жылы 27 отбасы, яғни 111 адам көшіп келді. Биыл тағы 27 отбасыны өңірге тарту жоспарланып отыр.
Қоғам • 20 Ақпан, 2026
«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының Ұлытау өңірлік филиалы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жалғастырып жатыр. Облыс көлемінде 400-ге жуық кездесу өткізу жоспарланған.
Тұлға • 10 Ақпан, 2026
Жалынды публицист, ержүрек жауынгер Баубек Бұлқышев – қазақ аспанында жұлдыздай жарқ еткен тұлғалардың бірі. 1939 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, «Октябрь балалары» (бүгінгі «Ұлан») газетінің бөлім меңгерушісі қызметін атқарып жүргенде 1940 жылы әскер қатарына шақырылады.
Бизнес • 07 Ақпан, 2026
Кәсіп бастағандарға – 400 млн теңге
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының рейтингі бойынша Ұлытау облысы шағын бизнес пен орта кәсіпкерлікпен айналысуға қолайлы үш өңірдің қатарына кірді. Ұлытаулық 195 жас кәсіпкерге қайтарымсыз грант қаражаты берілді.