Аймақтар • 21 Қараша, 2025
Қаражал қаласында №3 өрт сөндіру бөлімі ашылып, салтанатты жиынға Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков қатысты.
Руханият • 20 Қараша, 2025
Қуыршақ труппасына театр мәртебесі берілсе...
Серке Қожамқұлов атындағы Қазақ музыкалық драма театры жанындағы Қуыршақ труппасына биыл қырық жыл толды. Бұл өнер ұжымы тұңғыш рет 1985 жылы Жезқазған облыстық Қуыршақ театры болып құрылып, есігін Вадим Коростылевтің «Доктор Айболит» спектаклімен айқара ашты.
Сұхбат • 18 Қараша, 2025
Дастан Рыспеков: Ұлытаудың ұпайы түгенделіп келеді
Ұлытау облысы – тарихи мұраға да, табиғи байлыққа да кенде емес. Облыс ретінде құрылғанына үш жылға жуық уақыт өткен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақты арнаға бағыттап, әлеуетін арттыру жолында бірқатар жүйелі жұмыс қолға алынды. Биылғы негізгі көрсеткіштер мен жүзеге асқан жобалар – соның дәлелі. Осы және өзге де маңызды мәселелер жөнінде Ұлытау облысының әкімі Дастан РЫСПЕКОВПЕН әңгімелескен едік.
Медицина • 11 Қараша, 2025
Кардиохирургиялық көмек қолжетімді
Жақында Ұлытау облысының денсаулық сақтау жүйесін дамытудың кешенді жоспары бекітілді. Құжаттың басты мақсаты – өңір тұрғындарына сапалы, уақтылы медициналық көмек көрсетуге жағдай жасау.
Мәдениет • 05 Қараша, 2025
Қырық жылдық тарихы бар Серке Қожамқұлов атындағы Ұлытау облыстық қуыршақ театры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Астанадағы М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының бас режиссері Бекпулат Пармановтың сахналауымен «Мұңлық – Зарлық» ертегісін балаларға тарту етті.
Аймақтар • 04 Қараша, 2025
Ұлытау облысының Қаражал қаласы мен Жәйрем кентінде 17 207 адам тұрады. 90-жылдары өндірістің тоқырауына байланысты бұл жерлерден де тұрғындар ауа көшіп, қаладағы, кенттегі көпқабатты үйлер, тұтас кварталдар қаңырап бос қалған еді.
Құқық • 04 Қараша, 2025
Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласында «Халықтық заңгер» атты республикалық акция өтті. Бұл бастаманың мақсаты – заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтық сауатын арттыру және мемлекеттік әрі заңгерлік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Шаруашылық • 01 Қараша, 2025
Қой тұқымын асылдандыру қолға алынды
Ұлытау облысында аграрлық саланы дамыту бағдарламасы аясында 5 000 басқа арналған қой тұқымын асылдандыру жобасы жүзеге асырылады.
Аймақтар • 30 Қазан, 2025
Жаңаарқа ауданы Мұқажан Жұмажанов атындағы ауылдық округте «Қазақ елі» стелласы мен «Балауса» балабақшасының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға аудан әкімі Қанат Қожықаев қатысып, қос жаңа нысанның тұсауын кесті.
Инфрақұрылым • 29 Қазан, 2025
Инфрақұрылымды жаңғырту – басты назарда
Ұлытау облысында жол мәселесінің күрделі екендігі арагідік айтылып қалады. Жергілікті халық облыста жол жөндеу, көлік-логистикалық әлеуетті арттыру мақсатында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарды бүге-шігесіне дейін біле бермейді.