Аймақтар • Бүгін, 09:55

Рухани тәрбие мектебі

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлытау облысының Қаражал қаласындағы мешіт жанынан сауат ашу орталығы ашылды.

Рухани тәрбие мектебі

Ислам дінінде білім алудың орны ерекше. Қасиетті хадисте: «Білім алу – әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз», деп айтылуы да ілімнің адам өміріндегі ма­ңызын айқындайды. Осы ұста­ным­ды басшылыққа алған жаңа орталық жас ұрпақтың діни са­уатын ашып, рухани тәрбие беру жо­лындағы маңызды қадам болып отыр.

Салтанатты шараға Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы қатысып, жамағат­ты жаңа орталықтың ашылуымен құттықтады. Ол өз сөзінде мұндай білім ошақтарының қоғам үшін мәні зор екенін, жасөспірімдердің дұрыс бағытта тәлім-тәрбие алуына үлес қосатынын жеткізді.

Жалпы аумағы 150 шаршы метрді құрайтын ғимаратта асхана, ұстаздарға арналған жеке кабинет, сондай-ақ балаларға арналған жатын орындар бар. Бұл шәкірттердің білім алуымен қатар, қолайлы тұрмысын жасаған кешенді орталық екенін көрсетеді.

Жаңа сауат ашу орталығының ашылуы – бүгінгі жастардың діни сауатты болуына ықпал етеді.  Балалар мен жасөспірімдер тек діни білім алып қана қоймай, ізгілікке, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиеленеді.

«Мешіт жанынан ашылған бұл сауат ашу орталығы алдағы уа­қытта Қаражал қаласындағы діни-ағартушылық жұмыстардың маңызды тірегіне айналмақ. Мұн­да шәкірттер Құран әліппесін мең­геріп, рухани-адамгершілік бағыт­тағы тағылымды білім алады», деді Қаражал қалалық «Нұр» ме­шітінің бас имамы Талғат Советов.

 

Ұлытау облысы 

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:00

Рухани тәрбие мектебі

Аймақтар • Бүгін, 09:55

«Ауыл аманатының» шапағаты

Қоғам • Бүгін, 09:50

Қарап тұрсам, дүние... Эссе

Таным • Бүгін, 09:45

Балық шаруашылығында береке бар

Шаруашылық • Бүгін, 09:35

Бір секундта қан тоқтатады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30