Фото: yvision.kz
Мерекелік шарада Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, Мемлекет басшысы жолдаған құттықтау хатты оқыды. Жас ұрпаққа қамқорлық жасап, қолдау маңызды екеніне тоқталды.
Облыс әкімі дарынды балалар Ұлытау облысының мақтанышы екенін айтып, жаңа жылдық сыйлыққа – планшет табыс етті.
Шырша айналасында балғындар әсем ән шырқап, би биледі. Театрландырылған қойылымдарды тамашалады.
Салтанатты жиынға арнайы шақырылған оқушылар Ұлытау облысының әкімімен естелік суретке түсті.
Ұлытау облысы