Қанат БІРЛІКҰЛЫ
Қанат БІРЛІКҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
107 материал табылды

Руханият • Кеше

Қайраткерлік қасиет

Биыл қаламы һәм қайраткерлігімен қалың жұрттың қошеметіне бөленген қарымды қаламгер, мемлекет және қоғам қайраткері Алтыншаш Жағанова асқаралы жасқа толып отыр. Ақмола облысында дүниеге келген тұлғаның қайраткерлік жолы мен шығармашылық өнегесі көпке үлгі.

Қоғам • 13 Желтоқсан, 2025

Тосын мінезді Тоқаш

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, майдангер, тосын мінезді ақын, прозашы Тоқаш Бердияровтың туғанына биыл 100 жыл толып отыр. Осы мерейтойға орай Ұлттық кітапханада ақтаңгер ақынның өмірі мен шығармашылығын дәріптеу мақсатында еске алу кеші өтті. Аталған іс-шара аясында «Тағдырлы дарын» атты естеліктер кітабының тұсауы кесілді.

Руханият • 12 Желтоқсан, 2025

Жас қаламгерлер һәм сенім серпілісі

Соңғы жылдарда Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Жазушылар одағы арасындағы стратегиялық әріптестіктің тамыры тереңдеп, ұлттың рухани дамуына серпін беретін жобалар жүзеге асырыла бастады. Сол бастамалардың ішіндегі «Жаңа Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» жобасы әдебиеттегі жаңа есімдердің танылуына зор мүмкіндік туғызып отыр.

Руханият • 06 Желтоқсан, 2025

Азаттықты аңсаған жастар

1941 жылдың қараша айының ортасында кеңес одағын дүр сілкіндірген төтенше оқиға болды. КСРО Жоғарғы кеңесі Президиумының төрағасы Михаил Иванович Калининнің атына жазылған бір парақ хат алып империяның шаңырағын шайқалтып жібере жаздады. Сол күннен бастап мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін орган – КСРО Ішкі істер халық комиссариаты (атышулы НКВД) қызметкерлерінің ұйқысы қашып, қазақ даласында құрылған астыртын ұйымды шам алып іздеуге кірісті.

Руханият • 02 Желтоқсан, 2025

Арпалысқа толы ғұмыр

Біздің аға буын қаламгерлердің дені талантын тек көркем туындыға бағыштай алмады. Өйткені олардың мойнында сан ғасыр бодан болып, езгі көрген ұлтының тарихи және мәдени құндылықтарын түгендеу міндеті тұрды. Осылай жазушыларымыз әдебиет пен тарихты бір арнаға тоғыстырып, қос майданда қатар күресті.

Руханият • 28 Қараша, 2025

Өз Доуэльдерімізді қашан жоқтаймыз?

Бала кезде фантаст жазушы Александр Беляевтің шығармаларын көздің майын тауысып қызыға оқитынбыз. Сол туындылардың ішінде «Профессор Доуэльдің басы» атты роман ерекше есімізде қалған еді. Жуырда сол кітапты қайта оқып шықтық. Сөйттік те, соңғы отыз жылдықта қарым-қабілеті мен білім-білігін халқына арнай алмаған өзіміздің Доуэльдердің алтын бастарын аядық.

Қоғам • 27 Қараша, 2025

«Дарын» мемлекеттік сыйлығы табысталды

Кеше Астана қаласында мәде­ниет, ғылым, медиа және спорт саласында жоғары жетіс­тіктерге жеткен талантты жастарға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын тапсыру рәсімі өтті. Лауреаттарды мара­паттау салтанатына Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысты.

Руханият • 25 Қараша, 2025

Әуезов Тәжікстанға барғанда не айтты?

1967 жылы қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтің 70 жыл­дық мерейтойына орай «Тәжікстан кеңесі» газеті «Ифтихори миллати қазоқ» («Қазақ ұлтының мақтанышы»), ал «Тәжікстан пионері» басылымы «Фарзанди бузурги қазоқ» («Қазақтың ұлы қаламгері») атты мақалалар жариялапты.

Руханият • 21 Қараша, 2025

«Алқа» – Алаш ақын-жазушыларының алғашқы ұйымы

Астана қаласында дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Қаламгер ұстаханасы» жобасында әдебиеттанушы, Ұлттық ғылым академиясының академигі, «Қазақ газеттері» серіктестігінің директоры Дихан Қамзабекұлы қонақта болып, «Алқа» – Алаштың әдеби-мәдени тұжырымдамасы» атты тақырып аясында қоғамдық лекция оқыды.

Кино • 14 Қараша, 2025

«Басқалардың өмірі» – қайта оралмас қоғам

Неміс кинорежиссері, сценарист һәм продюссер Флориан Хенкель фон Доннерсмарктің 2006 жылы көрерменге жол тартқан «Басқалардың өмірі» атты кино картинасынан тоталитарлық жүйенің азалы үні естіледі. Кеңестік заманды аңсайтын жандар қалайда осы туындыны бір көруге тиіс.

Яндекс.Метрика