Байқау • Бүгін, 07:45

«Шалқар» тастаяқшылар турнирін өткізді

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл «Шалқар» радиосының әуе толқынына шыққанына 60 жыл толды. Осы атаулы мерейтой аясында жарты ғасырдан аса шежіресі бар ұжым бильярдтан турнир өткізді.

«Шалқар» тастаяқшылар турнирін өткізді

Сайыс беташарында Қазақстан телерадиокорпорациясы бас­­қарма төрағасының орын­­басары Еркін Мұхамед­жанов сөз сөйлеп, 1966 жыл­дың 1 қаңтарында Қазақ­стан­ның халық әртісі Әнуарбек Байжанбаевтың үні­мен эфирге шыққан радионың ұлт руханиятының кемел­денуіне қосқан өлшеу­сіз үлесін атап өтіп, «Шалқар» радиосының алпыс жыл­дық мерейтойының атаусыз қалмауы керегін айтты. Сондай-ақ Еркін Таңат­қан­ұлы сайысқа түсуге сақа­дай сай тұрған қоғам қайраткерлері, ақын-жазу­шылар, театр майталмандары мен журналистерге ақ жол тіледі.

Басқарма төрағасының орын­басарынан кейін бел­гілі қаламгер, тарихшы Қойшығара Салғара жарыста бақ сынауға келген тастаяқшыларға бата беріп, алғашқы ақжолтай шарды соқты. Осылай жарты ғасырдан астам уақыт бойы қазақ тілінде эфирге шығып келе жатқан радионың жүлдесі үшін мергендердің «жан алысып, жан беріскен» сайысы бас­талды.

Бірнеше сағатқа созылған тартысты ойында бірнеше азамат арнайы дипломдармен марапатталып, жүлделі үшінші орынды Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ драма театрының әртісі Қуандық Қыстықбаев, екінші орынды «Хабар» агенттігінің музыкалық продюсері Талант Арғынғали жеңіп алды. Ал бас жүлде Парламент Сенатының депутаты Алтынбек Нұхұлының қанжығасына байланды.

Соңғы жаңалықтар

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 09:15

Сарқылмас ойдың кені

Қоғам • Бүгін, 09:10

Ырыздықты молайтуға ұмтылыс

Шаруашылық • Бүгін, 09:07

Көктем шуағын еселеген саябақ

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Әмбебап медиаменеджер

Руханият • Бүгін, 08:53

Әдеби сынның бәсі қандай?

Әдебиет • Бүгін, 08:50