Жапсарбай ҚУАНЫШ
Жапсарбай ҚУАНЫШ«Egemen Qazaqstan»
30 материал табылды

Саясат • 25 Қыркүйек, 2022

Азаматтық қоғам және өзгерген әлем

Өткен жылдарда егеменді мемлекет құру үдерісі барысында елімізде қателіктердің орын алғаны ақиқат. Соның кесірінен туындаған мәселелер сөзбұйдалыққа салынып жылдар бойы өз шешімін таппауы азаматтардың әлеуметтік жауапкершілігін төмендетті.

Қоғам • 23 Тамыз, 2022

Стратегия – нақты нәтижеге жетудің жолы

Жаһандық нарықта қалыптасқан ахуал Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Қым­бат­шылық пен инфляция бізде де шарықтап кетті. Үкімет пен сала­лық министрліктер экономикадағы кем­ші­ліктер мен жіберілген қателіктердің себептеріне тереңірек үңіліп, оларды шешуде бейқамсыздық көрсетуде.

Қоғам • 04 Тамыз, 2022

Айтылған сөз орындалуымен құнды

Қоғамда мемлекеттің саясатына, әсі­ре­се оның жоғарғы деңгейде қабыл­да­нып жатқан шешімдерінің толық­ орындалуына деген сенім­сіздіктің бары рас. Сондықтан Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырым­да­масына ерекше мән беруде.

Қоғам • 17 Шілде, 2022

Таза ой қоғамды сауықтырады

Өмірлік үдерістерді реттеуде адамның құндылықтары мен ортасының алатын орны бөлек. Құндылықтар өмірге арналған навигаторлар мен нұсқаулар сияқты. Олар адам өмірін дұрыс арнаға бағыттайды.

Қоғам • 13 Маусым, 2022

Ойыңды түзесең, өмірің де өзгереді

Өз-өзіңді тәрбиелеу және бір нәрсеге үйрену үшін адам үлкені бар, кішісі бар өзін оқушының орнына қоя білуі керек. Бұл – табиғат заңы. Сол себепті өз мақсатың мен арманыңа жетуде жақсы оқушы және жақсы оқытушы болумен қатар болмысың да тұтасымен кіршіксіз таза болуы керек.

Руханият • 02 Маусым, 2022

Сенім қазына-байлықтан да артық

Бойын күдік пен үрей билеген адам біреудің басына түскен жағдайын түсініп, оларға қиындықтан құтылуға көмектесе ала ма? Жоқ, әрине. Туындаған осындай мәселені шешу үшін кісіге алдымен қуат керек, жақсы көңіл күй қажет. Ондай адамның ішкі жан дүниесінде әлдебір күйзелістің болмағаны абзал.

Руханият • 26 Мамыр, 2022

Тәкаппарлық: «Мен» және «Біз»

Адамның өмірі мақсаттардың тізбегі іспеттес, оған қол жеткенде алдынан бақыт күтіп тұрғандай болып көрінеді. Бұл бір нүктеден екінші нүктеге дейінгі жарыс сияқты. Ондағы соңғы нүкте – рухани азып-тозу.

Пікір • 05 Мамыр, 2022

Жер-Ана құнары

Климат мәселесінің географиялық ұғым­нан гөрі саяси сипат алып бара жатқаны белгілі. Бір жағынан, көмір­қышқыл газының шығарындылары және жаһандық жылыну туралы көп айтылады да, бірақ екінші жағынан, топырақтың тіршілік ету ортасы екенін біле тұра, ол туралы көп сөз қылмаймыз.

Қазақстан • 24 Наурыз, 2022

Үмітті үкілеген үдеріс

«Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты бағдарламалық құжат­та Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ағым­дағы ішкі және сыртқы саяси ахуалға терең, егжей-тегжейлі талдау жасау арқылы қоғамда түбегейлі өзгерістердің қажеттілігіне баса назар аударды.

Қоғам • 06 Наурыз, 2022

Екі өмірдің азығы – ұждан

Әлеуметтік желілерде Тұңғыш Пре­зидентке жəне оның отбасына қатысты әртүрлі пікір айтылуда. Мұның астарында өткір əлеуметтік мəселенің жатқандығы белгілі. Оның түп-тамыры – теңсіздікте.