Жапсарбай ҚУАНЫШ
Жапсарбай ҚУАНЫШ«Egemen Qazaqstan»
29 материал табылды

Пікір • 28 Наурыз, 2024

Сабақтастық пен бірізділік

Халықтың қолдауының арқа­сында еліміз жаңа кезеңге қа­дам басып, конституциялық ре­фор­маның негізінде әділетті Қ­­азақ­станды құруға кірісті. Сая­си жаңғырудың экономикалық негіз­дері жасалып, реформалар ке­шенді сипатқа ие болып, ол тү­бе­гей­­лі өзгерістерге ұласып келеді..

Пікір • 25 Ақпан, 2024

Сарабдал таңдау

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев баста­ған саяси реформа қарқын алып, терең эко­но­микалық қайта құрулардың алғы­шартына айналды. Конституциялық реформаның әлеуеті артып, Қазақстанның, шын мəнінде, әділетті мемлекетке айналуына кепілдік беріп отыр. Өйткені Ата Заңымыз сөз еркіндігін, пікір білдіру құқығын жəне дін бостандығын, сондай-ақ этностық және саяси əртүрлілік пен азаматтың жеке бас бостандығын қам­та­масыз етуді көздейді.

Пікір • 02 Мамыр, 2023

Судың да сұрауы бар

Бүгінде ғаламдық мәселеге айналып отырған су тапшылығының басты себеп­теріне климаттың өзгеруін, трансшекара­лық ағын су көлемінің азаюын, су ресурстары­ның тиімсіз пайдаланылу мен суды үнем­деу «мәдениетінің» қалыптаспағандығын жатқызуға болады. Ол, өкінішке қарай, елімізді де қамтып отыр. Соның кесі­рінен ауылшаруашылық дақылдарын өнді­руге қажетті судың жетіспеуі егістік көле­мінің жыл санап қысқаруына әкеліп соғуда.

Ауыл • 24 Сәуір, 2023

Ауыл дамуы – ел дамуы

Бірден айта кетейік, осы кезге дейін де ауыл мен агрокешенді дамыту мәселесіне қатысты көптеген шешім мен бағдарлама қабылданған болатын. Оларды жүзеге асыруға қомақты қаржы бөлінген-ді. Алайда, ауылдың дамуы тұрғысында әзірше ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже жоқ. Әдеттегідей, біздің өткен тарихымызда талай рет қайталанғандай, ауыл шаруашылығы мен ауылдың «есебінен» өмір сүріп жатқан жайымыз бар.

Пікір • 11 Сәуір, 2023

Су – өмірдің нәрі

Ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз ету проблемасының әлі шешілмей келе жатқаны белгілі. Мәселен, 2021 жылы Қазақстандағы 6302 ауылдық елді мекеннің 4759-ы сумен жабдықтау қызметтерімен қамтылмапты. Кезінде мемлекет салаға ие бола алмай, су көздері иесіз қалып, ведомстволық меншікте де болған. Кейбір аймақ халқының басым көпшілігі нормативтерге сәйкес келмейтін сапасыз ауыз су ішіп, оның әлеуметтік салдарларынан халық үлкен зардапқа ұшырады.

Пікір • 17 Ақпан, 2023

Сайлау және жергілікті атқарушы билік

Биылғы сайлау үдерісінің нәтижесінде қоғамда Мәжіліс пен мәслихаттар жаңа үлгі бойынша жасақталады. Ол халықтың мүддесін жалпыұлттық және аймақтық деңгейде толыққанды қорғауға мүмкіндік береді. Жергілікті жерлерде түрлі көзқарастар мен саяси бағыттағы партиялар пайда бола бастайды. Бұл жаңару үдерісінің жалғасы ретінде облыстардағы демократиялық институттардың белсенділігін арттырып, қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етпек.

Пікір • 13 Ақпан, 2023

Аралас сайлаудың мәні – жауапкершілікте

Жалпы алғанда әуелі жеке адамға өзі­нің өмірлік жолын дұрыс таңдау, нақты жағдайларда оңтайлы шешімдер қабылдау қиынға түсіп жатады. Ал сайлау арқылы мемлекеттік саясаттың, өзі мен елдің бола­шағын айқындауға тікелей атсалысу – жеке тұлға үшін үлкен жауапкершілік және күрделі қадам.

Саясат • 13 Қаңтар, 2023

Мемлекеттілікті нығайту қамы

Қаңтар қасіреті кезінде мемлекеттілігімізге төнген аса қауіпті сын-қатерді ұйымдастырып, елдің тыныштығын бұзып, қауіпсіздігіне нұқсан келтіргісі келген теріс пиғылды адамдардың мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған ниеті іске аспады. Осындай сәттерде Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы халқымен бірге болып, батыл шешімдер қабылдап, бүкіл жауапкершілікті өз мойнына ала білді.

Қоғам • 27 Қазан, 2022

Әлеуметтік оптимизм

Әлемде экономикадағы болжамсыздық пен күрделі геосаяси ахуалдың қалыптасуы Қазақстанды да сырт айналып өткен жоқ. Ол Жер шарының көптеген халқының болашаққа деген сенімі мен үмітін сағым­дай етті.

Саясат • 25 Қыркүйек, 2022

Азаматтық қоғам және өзгерген әлем

Өткен жылдарда егеменді мемлекет құру үдерісі барысында елімізде қателіктердің орын алғаны ақиқат. Соның кесірінен туындаған мәселелер сөзбұйдалыққа салынып жылдар бойы өз шешімін таппауы азаматтардың әлеуметтік жауапкершілігін төмендетті.