
Аймақтар • 02 Қараша, 2024
Балбалтастар неге елеусіз қалды?
Тасын түртсең, тарихы сөйлейтін Баянауыл жерінде көне түркі дүниесінің ескерткіштері – балбалтастар баршылық. Тау баурайларының ең бір құйқалы жерлерінде орналасқан балбалтастар бұл жерде халқымыздың ежелгі заманда бірегей этномәдениеті болғанын білдіреді.
Саясат • 31 Қазан, 2024
Жас депутаттар жаңашылдық жаршысы бола алды ма?
Еліміздегі мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толды. Мемлекет дамуындағы өкілетті биліктің маңызы зор. Дейтұрғанмен мәслихат десе, көбіміздің көз алдымызға етжеңді, елулерді алқымдап қалған аға буын депутаттар елестейтіні белгілі. Кейінгі жылдары депутаттар корпусының қатарын толықтырып жатқан жастар бұл стереотипті бұза алды ма? Мәслихаттардан жаңашылдық лебі есе ме?
Бизнес • 31 Қазан, 2024
Бизнес берекесі қайтсе артады?
Мемлекет қолдауын пайдаланып, кәсібімді кеңейтсем дейтін іскер жандардың айы оңынан туып тұр. Нәтижесінде, өңірлерде жаңа өндіріс орындары ашылып, жергілікті тұрғындар «екі қолға – бір күрек» тауып жатыр. Павлодарда «Даму» қорының септесуімен көлік аккумуляторын өңдеу кәсіпорны мен тігін цехының жұмысы жанданды.
Табиғат • 31 Қазан, 2024
Теріскейдің иен байлығы: Ертіс орманындағы шығынның орны тола ма?
Еліміздің теріскейіндегі табиғи мол байлық – «Ертіс орманы» резерватындағы жалқарағай ормандарын көзіміздің қарашығындай сақтап, кейінгі ұрпаққа қалдыру бүгінде аса өзекті. Кейінгі 21 жылда резерваттағы орманшылардың еңбегінің нәтижесінде жанып кеткен ағаштардың 45 мың гектардан астамы қайта қалпына келтірілді.
Аймақтар • 29 Қазан, 2024
Шарбақты ауданында жаңа тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Заманға сай салынған баспаналар мұқтаж жандарға бұйырды. Ғимараттарды жеке тұлға өз қаржысына салып, кейін олар облыстық бюджет қаражаты есебінен сатып алынған. Үш бөлмелі пәтерлер заманауи технологиялар қолданыла отырып тұрғызылып, озық инженерлік коммуникациялармен жабдықталған.
Аймақтар • 24 Қазан, 2024
Тіл клубтарының арнасы кеңейеді
Келер жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толады. Оған байланысты «Бірлік пен келісімнің 30 жылы» деген атаумен іс-шаралар жоспары түзілді. Негізгі жобалар өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруіне бағытталмақ.
Жемқорлық • 24 Қазан, 2024
Ертіс-Баян өңірінде қазына қаражатын тиімсіз пайдалану, мемлекеттік сатып алуларда бағаны негізсіз қымбат етіп көрсету фактілері азаймай тұр. Заң бұзушылық мемлекеттік сатып алулар саласында жиі кездеседі. Мәселен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жыл басынан 2,6 млрд теңге бюджет қаражатын тиімсіз жұмсаудың алдын алды.
Талбесік • 19 Қазан, 2024
Жалқарағай жанға – сая, көңілге – медеу
«Ертіс орманы» резерватындағы Маралды орманшылығы бас орманшысының орынбасары Қайрат Қапшаевты бұл төңіректегі жұрттың бәрі жақсы біледі. Сонау 90-жылдары Шалдай орман шаруашылығынан бастап, кейін резерват құрылғанда да үзбей еңбек етіп келеді.
Экология • 15 Қазан, 2024
Экологиялық жобаларға бет бұрған алюминий зауыты
Қазақ жеріндегі мол боксит шикізатын өндіруді жолға қою негізінде 60 жыл бұрын салынған Павлодар алюминий зауыты бүгінде табысты жұмыс істеп тұр. Еліміздегі алюминий тотығын өндіретін жалғыз ірі кәсіпорын. Өндіріс орны соңғы жылдары технологиялық қайта жарақталуды айтпағанда, қоршаған ортаға оң әсерін тигізетін экологиялық жобаларды іске асыра бастады.
Басылым • 15 Қазан, 2024
Павлодарда Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаев туралы жазылған кітаптың тұсауы кесілді. Туынды «Жизнь замечательных людей» сериясымен жарық көрген.