
фото: gov.kz
Екібастұз қаласында биыл орталықтандырылған жылуға қосу 10 қыркүйектен жүргізілуде. Нысандарға жылу беру кезең-кезеңімен жүзеге асып жатыр. Барлық үйлер мен мекемелер толық қосылып болған соң ғана жылу параметрлері көтеріледі.
- Бекітілген жоспарға сәйкес, жылу беру маусымын бастадық. 10 қыркүйектен әлеуметтік нысандарға жылу беріліп жатыр. 15 қыркүйектен жер үйлер жылумен қамтамасыз етіледі. Ал 20 қыркүйектен көпқабатты тұрғын үйлерге жылу жібереміз, - деп хабарлады қала басшысы Аян Бейсекин.
Кеншілер қаласында 6331 жер үй бар. Бүгінде соның 3400-іне жылу берілген. Ал әлеуметтік мекемелерден тек 5 нысан ғана қосылмаған.
Павлодар облысы