Қоғам • Бүгін, 19:13

ERG экологиялық оң шешімдерді өміршең етуге батыл түрде кірісті

40 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

ERG компаниясы «жасыл» экономика қағидаттарына бағытталған үздік инновациялық шешімдерді үзбей енгізіп келе жатқаны мәлім. Алдағы уақытта ТопПавлодар өңіріндегі алюминий және электролиз зауыттарына экологиялық тәуелсіз аудит жүргізіп, өндіріс орындарының Еуропалық стандарттарға сәйкестігін тексеріп көрмекші.

ERG экологиялық оң шешімдерді өміршең етуге батыл түрде кірісті

Экологиялық стратегияны одан әрі нәтижелі жалғастыру, түптеп келгенде экологиялық жаңғырту елімізге заңнамалық реформаны талап етеді. III «ECOJER» аймақаралық форумына жиналғандар осы мәселені талқылады.

О

«Экология және өндіріс: тұрақты болашаққа апарар жол» атты III «ECOJER» аймақаралық форумы 100-ге жуық адамды жинады. Қатысушылар өнеркәсіпті «жасыл» жаңғырту және оның қоршаған ортаға әсерін азайту жөніндегі мәселелерді талқылап, оңтайлы ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. «ECOJER» қазақстандық қауымдастығы ұйымдастырған іс-шараға өнеркәсіп иелері, мемлекеттік орган өкілдері, сарапшылар мен үкіметтік емес ұйымдар қатысты.

«Жасыл» инвестицияларды ынталандырудың практикалық шешімдерін әзірлеу - форумның іскерлік күн тәртібінің негізгі өзегі болды. Сарапшылар тұйық цикл экономикасын дамыту үшін заңнаманы жетілдіру қажеттігін атады.Конструктивті диалогтар барысында заңнамаға енгізілетін өзгерістерге негіз болатын ұсынымдар топтамасы жинақталды.

Л

«ECOJER» қауымдастығы кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова әзірленген ұсыныстарға қатысты пікір білдіре келіп, олардың сала үшін негізгі рөлін атап өтті.

«Өнеркәсібі дамыған өңірде экология мәселесі өзекті болуы заңды құбылыс. Мәжіліс депутаттары мен экология саласының мамандары екі күн бойы Павлодар облысын аралап, өндірістерде жүзеге асып жатқан экологиялық тың бастамалармен танысты. «Заңға қандай факторлар қайшы келіп тұр?» деген сұрақты жан-жақты талқылап, оны шешу жолдарын іздеп жатырмыз. Бизнеске ұран емес, экологияға инвестиция салу тиімді болатын түсінікті әрі тұрақты «ойын ережелері» қажет. Форум мемлекеттің де, өнеркәсіп иелерінің де бұл ережелерді бірлесіп жасауға дайын екенін көрсетті. Біздің ортақ міндетіміз – осыконструктивті диалогтың экономикаға да, қоршаған ортаға да пайда әкелетін әрі жұмыс істейтін заңдарға айналуына көмектесу», деді ол.

Бизнестің экологиялық ашықтығы тақырыбы да бүгінде өзекті. Өнеркәсіп пен қоғам арасындағы сенім алшақтығы көбіне объективті ақпараттың жетіспеушілігінен туындайтынын жасырмауымыз керек. Сарапшылар мен ҮЕҰ өкілдері эмоцияға толы даулардан гөрі,деректерге негізделген диалогқа қалай көшуге болатынына назар аударды. Олардың ойынша, ашықтыққа міндет немесе қауіп ретінде қарауды тоқтату керек.

Л
Бұл ұстанымның іс жүзіндегі дәлелі ретінде форум аясында
ERG мен инспекциялық қызметтер, сертификаттау және экологиялық сараптама саласындағы халықаралық көшбасшы компания - SGS арасында келісімге қол қойылды. Бұл бастама ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өнеркәсіптік кәсіпорындарға тұрақты экологиялық аудит жүргізу қажеттігі туралы тапсырмасын тікелей жүзеге асыруға бағытталған. Құжат Топтың «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның Павлодар алюминий зауытына және Қазақстан электролиз зауытына ерікті халықаралық экологиялық аудит жүргізуді көздейді.

О

«Біз үшін әлемдік деңгейдегі сарапшыларды тартудың маңызы зор болды, сондықтан SGS компаниясына жүгіндік. 2030 жылға дейінгі Экологиялық стратегияны әзірлеп, оны табысты жүзеге асырып келеміз. Бұл стратегия 2018 жылы қабылданып, оны іске асыруға 282 млрд теңгежұмсау жоспарланған. Оның ішінде Павлодар өңіріне 220 млрд теңге бағытталады. Биыл қатты шығарындылардың көлемі 15%-ға төмендейді деп күтіліп отыр. Келешекте ферроқорытпа өндірісінің газынан электр энергиясын өндіру жобасы іске асады. Оны Ақтөбедегі кәсіпорында бастап, нәтижелі болса Ақсу ферроқорытпа зауытында жалғастырамыз. Экологиялық шешімдер бірден іске асыра салатын дүние емес, ол ұзақ мерзімге бағытталған стратегия. Біздің энергетикалық және металлургиялық кәсіпорындарымызда кейбір экологиялық бастамалар жүйелі қолға алынып, Орталық Азияда алғаш рет іске асып отырғаны қуантады», деп атап өтті ол.

Аталған аудиттің негізгі мақсаты – кәсіпорындар қызметінің өнеркәсіптік шығарындылар және озық қолжетімді техникалар саласындағы Еуропалық парламент пен ЕуроодақКеңесінің экологиялық стандарттарына сәйкестігін бағалау. Бұл жұмысқа Қазақстан, Бельгия, БАӘ және Ресей мамандары қатысады. Бұл бағалаудың тәуелсіздігін және кәсіби сараптаманың жоғары деңгейін қамтамасыз етпекші.

«Бұған дейін жүргізілген экологиялық аудит нәтижелері «Қазхром» ТҰК» АҚ мен ERG үшін пайдалы болып, компанияның экологиялық нәтижелілігін арттыруға және болашақта тиімді экологиялық стратегияны қалыптастыруға негіз боларына сенімдіміз», деді SGS компаниясының Қазақстан және Каспий өңірі бойынша «Экология» бағытының менеджері Илья Корляков.

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев мұндай тәуелсіз бағалаулар арқылы кәсіпорындар өздері байқай бермейтін факторларды анықтайтынын айтады. Ал оларға берілетін экологиялық рұқсаттар нәтижесінде өндіріс орындары жергілікті бюджетке төлейтін эмиссиялардан босайды. ERGмұндай мүмкіндіктің арқасында Павлодар облысы бойынша 7 млрд теңге үнемдеп, оны өндірісті модернизациялауға жұмсап жатыр.

ERG жыл соңына дейін қазақстандық хромға халықаралық экологиялық декларация алуды жоспарлап отырған еліміздегі алғашқы өнеркәсіптік компания екенін айтуымыз керек. Бұл құжат оның барлық әлемдік талаптарға сәйкестігін растайды.