Президент • Бүгін, 15:43

Президент: Ясауи хикметтері – Ұлы даланың мәдени коды

1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы елордада өтіп жатқан симпозиумда ұлы даланың зияткерлік мұрасында ғұлама Қожа Ахмет Ясауи тұлғасы дараланып көрінетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент: Ясауи хикметтері – Ұлы даланың мәдени коды

Фото: Ақорда

«Ол жалпыға ортақ мұсылман құндылықтары мен жергілікті рухани дәстүрлерді үйлестірген «түркілік исламның» бастауында тұрды. Шын мәнінде, ол Ұлы дала халықтарына қазіргі дүниетанымымыздың өзегіне айналған мүлдем жаңа идеологиялық доктрина ұсынды. Ясауи хикметтері – Ұлы даланың мәдени коды», деді Президент.

Мемлекет басшысы ғұламаның Түркістандағы кесенесі – ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген нысан екенін ерекше атап өтті.  

«Түркістан шаһары ғасырлар бойы өңірдің басты рухани және саяси орталығы болды. Қазіргі таңда ол түркі дүниесінің қасиетті қарашаңырағы саналады», деді Қ. Тоқаев.

Ел Президенті мемлекетіміз ЮНЕСКО-ның қолдауымен көптеген маңызды жобаны жүзеге асырғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы: Алтын Орда дәуірі отандық тарихымыздың маңызды бөлігі

Соңғы жаңалықтар