
Құрылтай • 01 Наурыз, 2025
Ұлттық бірегейлігіміздің нышаны
Астана қаласындағы Президенттік орталықта халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының VIII құрылтайы өтті. Құрылтай отырысына Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Мәжіліс депутаты Айдос Сарым, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және бірқатар зиялы қауым өкілдері, ғалымдар мен еліміздің түпкір-түпкірінен келген тіл жанашырлары қатысты.
Әлем • 27 Ақпан, 2025
Украинаны қалпына келтіруге 500 млрд еуро қажет
Украина президенті Владимир Зеленскийдің басы соғыспен ғана емес, АҚШ билігі ұсынған келісіммен де қата бастады. Әрине, Трамп ұсынған «әріптестік» әлдінің әлсізге көрсеткен айбатындай болып шықты. Бұған таңданған әлем демін ішіне тартып, әліптің артын бағып отыр. Бейбіт бітім туралы келіссөздердің келесі раундына кімдердің қатысатыны да маңызды. Ал сарапшылар ендігі кездесу Украинасыз өтсе, жағдай тіпті ушығуы мүмкін дегенді алға тартып отыр.
Зерде • 22 Ақпан, 2025
Қазақта «Тау алыстаған сайын биіктей түседі» деген философиясы терең сөз бар. Шахабаладай асқар таудай асқақ әкеге деген сағыныш Дәуірбаевтар әулетінде жыл өткен сайын жаңғырып, оның азамат ретінде артында қалдырған жақсы істері бүгінде аңыз болып айтыла бастады. Әулеттің асқақ шыңы Шахабаланың көзі тірісінде елге болсын деп қолға алған бастамалары бүгінде жұртшылықтың игілігіне жарап тұр.
Әлем • 22 Ақпан, 2025
Тараптардың қалайтыны – бейбіт бітім...
Украина мен Ресей арасындағы шиеленіс кейінгі уақытта әскери қақтығыстан мүдделер соғысына ұласқандай сипат ала бастады. Әсіресе президенттік додаға түскенде осы соғысты тоқтатылсын деген сыңайдағы әңгімесімен әлемді өзіне қаратқан АҚШ президенті Дональд Трамп таққа отырғалы жағдай тіпті күрделене түсті. Дәл қазір жаһан жұрты соғыс майданын емес, Зеленскийдің, Путиннің,Трамптың жүрген-тұрғанын, сөйлеген сөздерін бағып отыр.
Үкімет • 20 Ақпан, 2025
Қылмыстық жолмен келген кірістер қатаң бақыланады
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың тарағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, Мәжіліс комитеттері бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа алды. Атап айтсақ, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізілсе, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске су ресурстарын қорғау және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.
Заң мен Тәртіп • 19 Ақпан, 2025
Тұрмыстық қылмысты азайтатын шаралар
Елімізде ашық сот қарауына түскен «Бишімбаев ісі» былтыр қоғамды дүр сілкіндірді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық төңірегінде жылдар бойы ісініп-сыздап тұрған бітеу жараның беті ашылды. Артынша отбасы, әйел, бала құқығына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі айрықша мән беріп, тұрмыстық зорлық пен қорлықты реттейтін заңнамалық нормаларды қайта қарап, қатайту керектігін Мәжіліске тапсырған-ды. Осылайша, көп ұзамай заң шығарушы орган аса маңызды айтулы заңдардың бірін қолданысқа енгізді. Ел ішінде «Салтанат заңы» аталып кеткен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты сол заң бүгінде өз жемісін беріп келеді.
Қоғам • 19 Ақпан, 2025
Ұлттық ұлан мен Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидаларымен күресте күш біріктіруге бекінді. Яғни аталған құрылымдар бірлесіп, қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды күшейтуге бағытталған жаңа жоба туралы бастама көтерді.
Қоғам • 19 Ақпан, 2025
Мейірім сезінбеген бала тығырыққа тіреледі
Еліміздегі балалар мен жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы кейінгі кездері бұқаралық ақпарат құралдарында жиі көтерілетін күрделі мәселелердің біріне айналды. Алғашында қайғылы оқиғалардың басты себебі ретінде ҰБТ, компьютерлік ойындар, атышулы «Көк кит» ойыны аталатын. Қазір себептерінің ауқымы кеңейген. Сарапшылардың пікірінше, себепті сырттан іздемей, отбасындағы қарым-қатынасты жақсартып, тәрбиеге мұқият қараған жөн.
Саясат • 18 Ақпан, 2025
Қазақстан мен Әзербайжан қарым-қатынасын зерделеген жинақ
Әзербайжан Республикасының Халықаралық қатынастарды талдау орталығы мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бірлесуімен «Әзербайжан – Қазақстан: өзекті мәселелер және екіжақты ынтымақтастықтың болашақ перспективалары» атты мақалалар жинағы жарық көрді. Жинақта Әзербайжан – Қазақстан сараптамалық кеңесі мүшелерінің екі ел арасындағы қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен болашағына арналған мақалалары ұсынылған.
Саясат • 07 Ақпан, 2025
Саяси ойлауды жаңарту бағытындағы реформалар
Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» Ұлттық сараптама алаңында «Қ.К.Тоқаевтың 3 жылдық саяси реформаларының нәтижелері» атты «отырыс өтті. Жиын барысында іс-шараға қатысушылар – мемлекеттік органдар мен парламент өкілдері, жетекші талдау орталықтарының басшылары, тәуелсіз сарапшылар мен қоғам қайраткерлері елімізде кейінгі үш жылда жүзеге асырылған саяси реформалардың негізгі аспектілерін, оларды мемлекеттік басқаруды, құқықтық жүйені және азаматтық қоғамды дамытуға ықпалын талқылады.