Жасұлан СЕЙІЛХАН
Жасұлан СЕЙІЛХАН«Egemen Qazaqstan»
237 материал табылды

Әлем • 15 Қараша, 2024

Дональд Трамп АҚШ-қа қандай өзгеріс әкелмек?

Әлем көз тіккен АҚШ-тағы прези­дент сайлауы да аяқталып, алдағы төрт­жылдықтың саяси сахнасына миллиардер Дональд Трамп қайта келді. Ұзақ жыл бизнесте жүріп, саясатқа тым кеш келген Трамп осылайша екінші мәрте ел тізгінін қолға алғалы отыр. Президентті ұлықтау рәсімі дәстүр бойынша келер жылдың 20 қаңтарында өтеді. Ал оған дейін қарап отыратын Трамп жоқ сыңайлы. Қазірдің өзінде-ақ Украина-Ресей соғысына, мемлекет­тік шекараға, Таяу Шығыстағы геосаяси ахуалға қатысты батыл мәлімдемелер жасап, тіпті кадрлық тағайындауларды да бастап кетті.

Сұхбат • 13 Қараша, 2024

Михал Лабенда: Қазақстан нарығында Польша инвестициясының үлесі артты

Қазақстан мен Польша Республикасы арасындағы екіжақты берік байланыс­тар сонау кеңестік дәуірден тамыр тартады. Кезінде саяси шешімдердің салдарынан этностық поляктар Қазақ КСР аумағына жер аударылып, кейіннен екі ел арасындағы барыс-келіс жиіледі. Тек 1992 жылы ғана дипломатиялық қатынас орнап, ел астаналарынан өз елшіліктерін ашты. 11 қарашада Польша халқы Тәуелсіздік мерекесін атап өтті. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Анджей Дудаға құттықтау жеделхатын жолдап, поляк­ халқына құт-береке тіледі. Екі елдің игілігі жолында қарқынды дамып келе жатқан өзара ықпалдастықты айшықтаған құттықтаудың ізін ала біз де еліміздегі Польша Республикасының уақытша сенімді өкілі Михал Лабендамен жолығып, еларалық байланыс, өңірдің геосаяси үдерісі төңірегінде сұхбат құрдық.

Қоғам • 12 Қараша, 2024

Киберқауіпсіздік барлық салаға ауадай қажет

«Қазмедиа» орталығы» телерадио кешенінде «MSSP Global» компаниясы мен «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры бірлесе ұйым­­дас­тырған «Киберқауіпсіздік мәселелері туралы хабардар болу» атты тренингі өтті. Бұл іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қолдау білдіріп, жоғары деңгейде өтуіне ұйытқы болды.

Үкімет • 07 Қараша, 2024

Білім мен тәрбиені жүйелейтін заңдар қаралды

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтті. Отырыста Мәжіліс комитеттері бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдады. Алдымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қарады.

Әлем • 05 Қараша, 2024

Молдова президенті қайта сайланды

Молдованың қазіргі президенті, Еуропа елдерімен етене жақын араласуды жақтайтын Майя Санду президент сайлауының екінші турында сайлаушылардың 55 пайыз даусымен жеңіске жетті. Дауыстарды санау аяқталмалмай жатып-ақ Сандудың қарсыласы, елдің бұрынғы бас прокуроры Александр Стояноглоның оны қуып жете алмайтыны белгілі болған. Шешуші сәтте Санду шетелдегі отандастары берген дауыс нәтижесінде жеңіске жетті.

Өнер • 01 Қараша, 2024

Динара Каиргожа музыканың құдіреті туралы айтты

Кең байтақ жеріміздің әр өңірінің өзіндік әншілік мектебі қалыптасқан. Ән өнерін қатты құрметеген халқымыз небір тамаша әндерді тудырды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Қоғам • 31 Қазан, 2024

Такси қызметін біріктіру кімге тиімді?

Мәжілістің өткен аптадағы жалпы отырысында ­кө­лік­­­пен жолаушылар тасымалдау саласына, әсіресе такси қызметін реттеуге қатысты заң жобасы қарал­ған еді. Осы өзекті мәселенің жай-жапсарын жіпке тізіп, ­де­путаттар алдында Көлік министрі Марат Қара­баев заң жобасын баяндады. Бірінші оқылымда-ақ де­пу­­­­тат­­тардың сынына ұшыраған бұл заң жобасының қо­­ры­тындысын әзірлеу екінші оқылымға қалдырылған.

Құқық • 30 Қазан, 2024

Болашақ заңгерлердің бағын ашатын байқау

«Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) сотында жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан «AIFC Court Moot» студенттік сот үдерісінің биылғы байқауы өз мәресіне жетті. Бұл байқаудың бір артықшылығы оған АХҚО сотының аға судьялары төрелік етеді. Олардың ішінде биыл АХҚО сотының төрағасы, былтырға дейін Ұлыбритания корольдігінің құрамындағы Англия мен Уэльс Жоғарғы сотының төрағасы қызметін атқарған әйгілі ағылшын судья­сы Мэлдон лорды Бернетт те болды.

Саясат • 29 Қазан, 2024

Қазақстан – Моңғолия: Ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан байланыс

Қай заманда да қоңсы жатқан моңғол халқымен біздің халықтың араластығының, алыс-берісінің жылнамасы ғасырлардан тамыр тартады. Бұл біріншіден, бүгінгі шекарамыз шектеспесе де жақын жатқандықтан, екіншіден, мемлекет болып қалыптасу жолында небір жаугершілік заманды қатар көргендіктен ежелден етене араластық. Тіпті қазіргі Моңғолия аумағында бір қауым қазақ жұрты өмір сүріп жатыр. Бүгінгі тәуелсіз елдер ретінде де қос елдің саяси-экономикалық байланыстары берік байланған. Дипломатиялық қарым-қатынаста да достыққа сызат түсіретін еш шикілік жоқ.

Халық • 25 Қазан, 2024

Демографиялық өсімнің алғышарты

Еліміз егемендік алғалы республикада 3 рет халық санағы жүрді. Ал еге­мен­дік декларациясы қабыл­да­нар­дан бір жыл бұрын, 1989 жылы кезекті санақ жүріп, онда халық саны 16,1 миллион деп тіркелген екен. Міне, осы 1989 жылдан бері соңғы санақ жүрген 2021 жылға дейін отандастарымыздың қатары 4 миллионға жуық адамға өсті.