
Үкімет • 06 Ақпан, 2025
Еларалық келісім тауар айналымын арттырады
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, күн тәртібінде еліміздегі экологиялық ахуал, азаматтық қорғаныс саласындағы түйткілдер қаралып, кейбір халықаралық келісімдер ратификацияланды. Мәжіліс депутаттары азаматтық қорғау мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Әлем • 05 Ақпан, 2025
АҚШ-тың Ақүйіне қайта келген президент Дональд Трамп елдегі бірқатар заңды дереу өзгертіп, тіпті Байденнің билігі тұсында заңнамаға енгізілген біраз норманың күшін жойып та жіберді. Әсіресе елдегі көші-қон саясатындағы «былыққа» шүйліккен Трамп командасы заңсыз жүрген мигранттарды күнделікті депортациялауды қолға алды.
Үкімет • 28 Қаңтар, 2025
Мәжілісте палата спикерінің орынбасары Дания Еспаеваның төрағалығымен Үкімет сағаты өтіп, онда Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері қаралды. Аталған мәселе бойынша Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндама жасады.
Үкімет • 23 Қаңтар, 2025
Отандық өндірісті дамыту мүмкіндігі
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, оның күн тәртібінде экологиялық мәселелер, кәсіби парасаттылыққа тестілеу туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер қаралып, Қазақстан мен АҚШ, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы үкіметаралық одақтастық қатынастарды реттейтін шарттарды ратификациялауды қамтамасыз ететін заң жобалары қаралды. Сондай-ақ Мәжіліс комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады.
Әлем • 22 Қаңтар, 2025
Беларусь халқы көшбасшысын таңдайды
Осы жексенбіде, 26 қаңтарда Беларусь Республикасында кезекті президент сайлауы өтеді. Елдің басты саяси науқанына дәл қазір президенттіктен 5 үміткер қатысып жатыр. Олардың қатарында қазіргі президент Александр Лукашенко да бар. Саяси тартыстың сын сағаты таяған сайын үміткерлердің де бағы мен бабы белгілі бола бастағандай. Әзірге А.Лукашенко өзге кандидаттардан алда келе жатыр.
Заң мен Тәртіп • 21 Қаңтар, 2025
Ауыр қылмыс жасағандар жеткізілді
Еліміздің бас прокуратурасы адам өлтіру, тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу және заңсыз қару айналымы үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстанның екі азаматы Ресейден экстрадицияланғанын мәлімдеді. Сондай-ақ Беларусь жерінде жасырынып жүрген тағы бір отандасымыз елге экстрадицияланды. Ол алаяқтық ірі көлемдегі ісі бойынша күдікке ілінген.
Сұхбат • 17 Қаңтар, 2025
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – еліміздің стратегиялық дамуының негізгі алғышарттарының бірі. Сол себепті де қоғамда патриотизмді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру ең маңызды мәселе болып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықпен күресуді қатаң тапсырып, онымен күрес қызметінің барлық бағыттағы жұмыстарына жаңа серпін беріп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін заңнамамен сараптау жұмыстарын күшейтті. Осы ретте Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовпен сұхбат құрып, саладағы заңнамалық жаңашылдықтар турасында әңгіме өрбіттік.
Құрылыс • 17 Қаңтар, 2025
Инновациядан көшбасшылыққа: Қазақстандағы құрылыс қызметтері нарығы қалай өзгеруде
Бүгінде құрылыс қызметтері нарығы тұтынушылық сұраныстың артуына байланысты айтарлықтай қаныққан. Өткен жылдың қорытындысы бойынша құрылыс саласындағы отандық тауар өндірушілердің үлесі 68 пайызды құраса, импорттық тауарлардың үлесі бар-жоғы 32 пайыз болды.
Заң мен Тәртіп • 16 Қаңтар, 2025
Жамбыл облысы прокуратурасының бастамасымен «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қордай ауданында «Тәртіпті өзіңнен баста!» атты жастар форумы ұйымдастырылды. Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіровтің қатысуымен өткен іс-шарада заңдылық пен құқықтық тәртіпті, жастардың құқықтық сауатын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдар, отансүйгіштік пен азаматтық борыш турасында келелі ойлар мен кесімді ұсыныстар айтылды.
Баға • 14 Қаңтар, 2025
Жылдың басы Қазақстан мұнай секторы үшін жағымды жаңалықпен басталды. Себебі өткен жылдың соңғы күндерінде әлемдік шикізат нарығында мұнай бағасы аздап көтерілді. «Қара алтынның» қазіргі бағамы (Brent маркасы) барреліне 80 доллардың ар жақ-бер жағында құбылып тұр. Әрине, бұл – бөрікті аспанға ата қуанатындай көрсеткіш емес. Бірақ ел бюджетінің жартысын қамтамасыз етіп отырған мұнай секторы үшін уақытша болса да тұрақтылықтың кепілі. Себебі 2024-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында мұнай бағасы барреліне 75 доллар деңгейінде бекітілген.