
Суицид • 28 Ақпан, 2025
Суицид «эстетикасы» немесе шығармашылық адамдардың жасырын үгіті
Өнер – өмірдің көркемдік кеңістіктегі көшірмесі. Ал шығармашылық адамдардың қадым заманғы қасіреті – шынайы өмірді өнермен шатастырып алу. Мәселен, Анна Каренинаның пойыздың астына түсіп өлуі оқырман жанын астаң-кестең қылады. Бірақ сонысымен ол сіз бен бізге эстетикалық ләззат сыйлап отыр. Міне, мұнда шығарманың көркемдік деңгейін көтеріп тұрған осы – Аннаның ажалы. Сол секілді кейбір ақын-жазушылар оқырмандарын туындысымен ғана емес, өмірімен де таңғалдырғысы келеді. Яғни оның өмірі қандай сұлу болса, өлімі де сондай ерекше болу керек. Осы себепті көптеген қаламгер өз-өзіне қол жұмсап, өмірін көркем шығармадағыдай ең қызықты шағында үзіп кете берді.
Әлем • 12 Ақпан, 2025
Америка ғалымдары Трамптан неге қауіптенеді
АҚШ-тың 47-ші президентінің бірқатар жарлықтарының «дүдамалдығы» себепті ғылыми зерттеулерге гранттық бағдарламалармен қолдау көрсету уақытша тоқтатылды. Бұл туралы британиялық «Nature» ғылыми журналы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 11 Ақпан, 2025
Ойын бизнесіне ҚҚС енгізу әбден орынды - сарапшы
Еліміздегі бірқатар салаға қосылған құн салығы (ҚҚС) енгізіліп жатыр. Осы орайда «лудомандардың қалтасын қағып-сілкіп қоржынын қаржыға толтырған ойын бизнестеріне де осындай салық салына ма, жоқ па?» деген заңды сұрақ туындайды. Мәселенің мәнісін анықтау үшін сала сарапшысын сөзге тартып көрдік.
Қоғам • 08 Ақпан, 2025
Астана қаласының №8 көпшілік кітапханасында қаламгер Төлен Тілеубайдың «Түлкілітаудың аспаны» атты кітабының таныстырылымы өтті.
Әдебиет • 07 Ақпан, 2025
Жаңа кітап оқырманға жол тартты
Астана қаласының №8 көпшілік кітапханасында жазушы, журналист Төлен Тілеубайдың «Түлкілітаудың аспаны» атты кітабының таныстырылымы өтті.
Сұхбат • 24 Қаңтар, 2025
Серікзат Дүйсенғазы, айтыскер ақын: Өткеннен қалған өнеге – жанға демеу
Айналасындағылар оны ақ адал пейілі мен тап-таза жүрегі үшін ерекше жақсы көреді. Көңілінің көшірмесіндей мөлдір өлеңдері оқырманның жанына жарық құйып, жадында жатталып қалады. Алайда дәл осы жарқын бейненің жан түкпірінде қайғы тұңғиығына тартып әкете жаздаған шер де, шемен де жоқ емес. Иә, ақын әрі Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ филология факультетінің деканы Серікзат Дүйсенғазының өнермен өрілген өмір жолынан алатын өнеге көп.
Тарих • 20 Қаңтар, 2025
Рақымжан Қошқарбаевқа «Халық қаһарманы» атағы қалай берілді
Рейхстагқа ту тігіп, соғыстың соңғы нүктесін қойған ұлтымыздың ұлық батыры Рақымжан Қошқарбаевтың ерен еңбегін елге танытқан журналистердің бірі – Жанболат Аупбаев, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қаңтар, 2025
Чемпиондарымыз – комикс кейіпкерлері
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада танымал журналистер Аслан Қаженов пен Азамат Әбілқайырдың «Қазақ чемпиондары» атты балаларға арналған комикс кітаптарының тұсаукесері өтті.
Руханият • 07 Қаңтар, 2025
Рождество мерекесі және дәстүрлі ислам түсініктері
Зайырлылық – еліміздің моральдік және әлеуметтік құрылымының маңызды қағидаттарының бірі. Бұл ұстаным қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтар мен дінаралық келісімді нығайтып, әртүрлі сенім өкілдерінің бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүруіне жол ашады. Ізгілік пен ілтипаттың, мейірім мен махаббаттың сан ғасырлық дәстүрін дәріптейтін діни мерекелерді атап өту де адамдар арасындағы ғизат-құрметтің артуына ықпал етеді. Сондықтан христиан міллетінің Рождество мерекесі кезінде аталған діннің негізгі доктриналарын таныстырып, оның қазақ дүниетанымына ежелден орныққан дәстүрлі ислам түсініктерімен ұқсас тұстарын салыстыра сараптауды жөн көрдік.
Жемқорлық • 27 Желтоқсан, 2024
Жыл қорытындысы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген елеулі қадамдар
2024 жыл Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында елеулі қадамдар мен жаңа бастамалардың іске асқан жылы болды. Мемлекет бұл мәселеге қатысты жаңа механизмдер мен тиімді әдістер енгізіп, қоғамдық бақылауды күшейтті. Жыл бойы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы іс-қимылдың заңдық негіздері нығайтылып, мемлекеттік қызметте ашықтық пен есептілік артты. Бұл іс-шаралар мен бастамалар халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруда маңызды рөл атқарды. Осы орайда биылғы жылы елімізде өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы елеулі оқиғаларды оқырман назарына ұсынбақшымыз.