Абзал МАҚАШ
Абзал МАҚАШ«Egemen Qazaqstan»
133 материал табылды

Медицина • 14 Мамыр, 2025

Ерлер емделуді әлсіздік деп қабылдамауы керек - дәрігер

Ер-азамат – отбасының қорғаны, ұлтының ұстыны. Алайда соңғы жылдары бөріктілердің денсаулығы алаңдатарлық деңгейге түсті. Жүрек аурулары, белсіздік, психикалық күйзеліс, қатерлі ісіктер – мұның бәрі ер адамның өмір сапасын ғана емес, қоғамның да ынтымағын ыдырататын факторлар. Дәрігерлер бұл мәселеге әлеуметтік тұрақтылыққа тікелей ықпал ететін кешенді құбылыс ретінде қарап отыр, деп жазады Egemen.kz.

Технология • 13 Мамыр, 2025

Елордада жас өнертапқыштар жарысы өтті

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Әлихан Мақсұт атындағы «RoboZerde-2025» халықаралық робототехника фестивалі өтті. Ауқымды іс-шараға еліміздің жиырма облысынан, сондай-ақ көршілес Қырғызстан мен Өзбекстан елінен келген екі жүзден астам мектеп оқушысы қатысты. Жас өнертапқыштар алты санатқа сәйкес бақ сынап, өз жобаларын таныстырды, деп жазады Egemen.kz.

Өшпес даңқ • 10 Мамыр, 2025

Парадқа кіре алмаған Теңдік Изақов кім?

7 мамыр күні Астанада өткен әскери парад кезінде тыл ардагерінің салтанатты іс-шара аумағына кіре алмай қалғаны туралы бейнежазба әлеуметтік желіде тарап, қоғам назарына ілікті. Кейін бұл ардагер – Қазақстандағы нейрохирургия саласының дамуына зор үлес қосқан, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Теңдік Изақов екені анықталды.

Әлем • 08 Мамыр, 2025

Рим папасын сайлау қалай жүріп жатыр

Кеше кешкісін Ватикандағы Сикстин капелласында жиналған кардиналдар жаңа Рим Папасын сайлау мақсатында алғашқы дауыс беру турын өткізді. Алайда үш сағат өткен соң капелла төбесіндегі мұржадан көтерілген қара түтін – понтификтің әзірге сайланбағанын білдірді, деп жазады Egemen.kz.

Әдебиет • 05 Мамыр, 2025

Біз соғысты көрген жоқпыз, бірақ...

Барлық адам баласы дүниеге бала болып келеді. Бірден ересек қалпында жаралған екі-ақ адам бар. Ол Адам ата мен Хауа ана. Аңызда түп атамыздың жілік майы толысқан жігіт бейнесінде жаралғаны айтылады. Ал Хауа болса он жеті жастағы бойжеткен. Санаға салып сараптасақ, екеуінің сәбилік кезеңі болған жоқ. Кездескен бетте екеуі жұп құрап нәсіл өрбітті. Ересек ғұмыр кешті. Бірақ, шіркін-ай, балалық шақта батпырауық ұшырып,  тығылмақ ойнай алғанға не жетсін. Хош, есіркеп қайтеміз, олар не дегенмен жұмақта туды ғой. Ал соғыс дейтін «тозақта» дүниеге келген балалардың тақсыретін қалай ұғынамыз?

Көрме • 05 Мамыр, 2025

Таза қанды тазылар таныстырылды

Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы қазақы тазының халықаралық деңгейде тіркелгенін атап өтіп, бұл оқиғаның ел мәдениетінде маңызды орын алатынын жеткізген болатын. Осыған орай EXPO халықаралық көрме орталығында Astana Winner 2025 халықаралық иттер көрмесі мен «Қазақы тазы – 2025» моно тұқымды иттер көрмесі өтті, деп жазады Egemen.kz.

Білім • 02 Мамыр, 2025

Ғылымға шет тілін шегелеудің қажеті бар ма

Бүгінде өз саласын жақсы білсе де, ағылшын тілінен ақсап магистратура мен доктарантураға түсе алмай жүрген азаматар көп. Бұл туралы мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәселе көтерді. Оның айтуынша, ғылым жолына түскендердің бәріне шет тілін міндеттеудің өзектілігі жойылды. Енді депутат  оқуға қабылдаудың балама нұсқасын табу керектігін айтып отыр. Бұған қоғамның пікірі қандай, мамандар не дейді? Egemen.kz тілшісі зерделеп көрді.

Әдебиет • 29 Сәуір, 2025

Күту философиясы немесе Қайсар Әлімнің жаңа романы

Күту... Өміріміздің көп бөлігі күтумен өтеді. Таңның атқанын күтесің. Кофенің қайнағанын күтесің. Жаңбырдың тоқтағанын күтесің. Махаббатыңды күтесің.  Балаңды мектептен күтесің. Жұмыс күнінің аяқталғанын күтесің. Бәрін-бәрін күтесің. Ал өлім жазасына кесілген адам бір-ақ нәрсені күтеді.

Әлем • 28 Сәуір, 2025

Ирандағы жарылыс қолдан жасалды ма

Иранның оңтүстігіндегі Бендер-Аббас қаласында орналасқан Шахид Раджаи портындағы жойқын жарылыстан кейін ел билігі дүйсенбі күнін ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Жарылыстың салдарынан қаза тапқандар саны 40 адамға жетіп, жараланғандар саны 1 241-ге артқаны белгілі болып отыр. Жергілікті ақпарат жүйесінде апаттың Иранмен қырғиқабақ Израильдің қолымен жасалғаны туралы хабар тарап жатыр, деп жазады Egemen.kz. 

Саясат • 28 Сәуір, 2025

Қырым кімге бұйырады?

Украина төңірегі туралы дау тағы да күн тәртібіне көтерілді. АҚШ президенті Дональд Трамптың Қырымға қатысты айтқан батыл пікірі жаһандық сарапшылардың назарын аударды. Трамптың айтуынша, Украина көшбасшысы Владимир Зеленский бейбіт келісім үшін Қырымды Ресейге беру мүмкіндігін қарастырып отырған көрінеді. Бұған дейін Киев тарапынан мұндай ұсыныстар үзілді-кесілді қабылданбағаны белгілі. Сонымен В. Зеленский «бастан құлақ садақа» деп халықтың бейбітшілігі үшін жерінен бас тартуы мүмкін бе әлде соғысты жалғастыра бермек пе? Осы мәселені әлемдік БАҚ жүйесі арқылы саралап, арнайы зерделеп көрдік.