Абзал МАҚАШ
Абзал МАҚАШ«Egemen Qazaqstan»
157 материал табылды

Форум • 14 Қараша, 2024

Журналистердің халықаралық форумы өтті

Алматы қаласында «Turktime: түркі елдерінің медиа және туризм бірлігі» атауымен IV халықаралық түркітілді журналистердің медиа форумы өтті. Келелі кеңеске еліміздің БАҚ өкілдерімен қатар Британия, Германия, Түркия, Әзербайжан, Солтүстік Кипрден келген туризм және медиа саласының сарапшылары қатысты. Онда дәстүрлі журналистика мен dijital жүйе, жасанды интеллектінің жаңа үрдістері және геосаяси ахуалдың түркі елдеріндегі ақпараттық нарыққа әсері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 13 Қараша, 2024

Отбасы банк тұрақты даму саласындағы позициясын нығайтты

Отбасы банк тұрақты даму саласындағы позициясын Sustainable Fitch-тен ESG - «3» рейтингін алу арқылы нығайтты. Бұл банктің тұрақты даму қағидаттарына бейілділігін растап, тұрғын үй қолжетімділігі мен әлеуметтік осал топтарды қолдау сияқты әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешуге қосқан үлесін айқындайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғылым • 12 Қараша, 2024

Сәтбаев университетінде экожүйе орталығы ашылды

Сәтбаев университетінде MIT FabLab орталығы – прототип жасауға арналған экожүйе ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент • 07 Қараша, 2024

Президент дипломатиясы Францияның Әзербайжанға көзқарасын жақсартты - сарапшы

Франция Президенті Эмманюэль Макронның шақыруымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт  Тоқаев Францияға мемлекеттік сапармен барғаны белгілі. Дипломатиялық кездесу аясында мемлекеттер басшылары 2008 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімге сүйене отырып, екі ел арасындағы сенімді және тұрақты диалогты нығайтатын тетіктерді жан-жақты талқылаған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәдениет • 22 Қазан, 2024

«Скафандр және көбелек» кітабы қалай жазылды

Ерік-жігері мықты адамның бағындырмайтын белесі жоқ. Алға қойған мақсатына жетпей қоймаған сондай жандардың бірі француз журналисі Жан-Доминик Боби.

Республика күні • 16 Қазан, 2024

«Қазақ газеттерінде» Республика күніне арналған жиын өтті

Астана қаласында орналасқан «Egemen Qazaqstan» газеті редакциясында «Республика күнін қалай атап өту керек?» деген тақырыпта қоғам белсенділерімен бірге дөңгелек үстел өтті. Алқаға саясаткер Оралбай Әбдікәрімов, экономист Сапарбай Жұбаев, «Қазақстандық қоғамдық даму институтының» басқарма төрағасы Нұрбек Мәтжани, саяси сарапшы Берік Бекжанов және Ы.Алтынсарин атындағы «Стратегия, ғылым және талдау» орталығының директоры Еркебұлан Аманқосов қатысты. Жиынды «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры Дихан Қамзабекұлы жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Энергетика • 08 Қазан, 2024

Қазақстан жылыту маусымына дайын ба?

Бүгін өткен Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «Жылыту маусымының басталуы» туралы баяндама жасады, деп жазады Egemen.kz. 

Референдум 2024 • 06 Қазан, 2024

Мәулен Әшімбаев: Әр азаматқа берілген үлкен мүмкіндік

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев республикалық референдумға қатысты. Палата Спикері Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында орналасқан №111 дауыс беру учаскесінде өз таңдауын жасады. , деп хабарлайды Egemen.kz. 

Әдебиет • 20 Қыркүйек, 2024

«Сары тентек» сарыны

Тентектіктің теориясы жоқ. Жүре келе жұғатын емес, туа сала тұнатын бұл мінезді ақын қауымының арқалап жүретіні бар. Буырқанып, бұрсанған бойындағы бұла күш ақылдың арнасына түссе, қаламынан күркіреген жыр туады. Алайда ақын өлеңді ешкімге де соқтықпай, момын қалпында жазса да болады емес пе? Орыс ақыны Сергей Есенин бұған былай деп жауап береді: «Жасырмаймын, тентек болған шығармын, жарқынырақ жану үшін мен, бәлкім». Қазақтың да Есенин секілді ақ сары жүзді ақыны бар. Ол өзінің асаулығын былай деп түсіндіреді: «Пәтуалы ақсақалы аз елде, мен еріксіз «Сары тентек» атандым». Біздің бүгінгі әңгімеміз қазақтың «сары тентегі» – ақын Қуаныш Мақсұтов хақында болмақ.

Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2024

Журналист жазбалары: Ұлытау сапары

«Қазіргі Ұлытау – ежелгі рухани самғаулар мен саяси шоғыр­лануға куә болған қа­шанғы қара орын», дейді халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлы. Әңгіме­міз­­дің әлқиссасын заманымыздың заңғар қайраткерінің осы пайымдауымен бас­­та­ғанды жөн көріп отырмыз. Алаштың аға тауы, даланың ақ отауы саналған қастерлі қоныс, қасиетті мекен адамзат тарихымен астасып жат­қан тамырлы тарихымен қымбат. Ол – тұтас қазақ халқының табысқан төбе­сі, ұйысқан іргесі. Өткен күннің көкжиегіне көз тастап, көңіл аударсаң, бұл жерге қай қағанат, қай хандық тағзым етпеді дерсіз. Әне, арбаға мүйізді жыл­қы жеккен «күнбасты адамның» кірмембес ауыр қолынан басталған тарихи тізбек сақтардың салқам керуенімен жалғасып, хан Жошы­ның ұлы­сына ұласып жөңкіп барады. Ал артынан... Ұлытаудың мәртебелі биігіне мәңгіліктің туын қадаймын деп салтанаты жарасып­ келе жатқан тәуелсіз еліміздің көрінісі менмұндалайтындай. Осы орайда Мемлекет басшы­сының «Ұлытау – 2019» халықаралық туристік форумында сөйлеген сөзі ойға оралады. «Тарихы терең Ұлытаудың қадір-қасиетін баға­лай білу – барша­мызға ортақ парыз. Сондықтан Ұлытаудың тарихы мен тағылымын жас­тар тәрбиесі мен отаншылдықты, ішкі туризмді дамытуға пайдалану керек», деген сөзі осы қасиетті мекенге жолға шығып, дала дидарын көзбен көріп, көңілмен түйсінуге бел буғызды.