
Қоғам • 27 Ақпан, 2024
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Дүниежүзілік экскурсия жүргізушілері күніне орай Қазақстан гид мамандарының I республикалық форумы өтті. Іс-шараға Туризм және спорт министрлігі, «Kazakh Tourism» ҰК АҚ, «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты. Сонымен қатар ғалымдар, гид-аудармашылар, осы саланың ардагерлері мен ішкі және сыртқы туризм жөніндегі менеджерлер болды.
Жұмыс • 22 Ақпан, 2024
Қысы қатал Астанада қар тазалау – қыруар шаруа. Қала шаруашылығының тізгінін ұстап отырғандардың жұмысы да осы мезгілде қатты сыналады. Ал бұл үдеден шығу үшін коммуналдық қызмет саласының жұмысшылары аянбай тер төгеді.
Өнер • 22 Ақпан, 2024
Иуданың белгі беруі қалды. Жендеттер сол сәтте тап бермекші. Міне, ол оны сүйді. Қас қаққанша жендеттің біреуі жағасынан шап беріп үлгерді. Қазір оны тұтқындайды. Адамзаттың алапат қайғыға душар болғанын ұққан Иоанн шыңғырып сала берді. Иса Мәсіхті өлім жазасына кеспекші...Осы оқиға әйгілі итальян суретшісі Микеланджело Караваджоның «Иуданың сүйісі» картинасында көрініс табады. Кескіндеме өнерінің жауһарына айналған картина несімен ерекшеленеді? Суретшінің жасырған жұмбағы неде?
Қоғам • 21 Ақпан, 2024
Өткен аптада Астанада халықаралық мейірім күні аталып өтті. Мерекенің мақсаты – адамдар арасында ізгілік, мейірім-махаббатты насихаттау және қайырымдылыққа тарту. Бұл күні түрлі игілікті шаралар ұйымдастырылып, адамдар бір-біріне сыйлық тарту етеді. Осы күнге орай елордада «Asyl niet» қоғамдық бірлестігі қайырымдылық аукционын өткізді.
Елорда • 21 Ақпан, 2024
Қар күреп, қарттарға көмектесті
Елордада қалың қар жауып, коммуналдық қызметтер күшейтілген режімде жұмыс істеп жатыр. Осыған байланысты колледж студенттері қарт кісілердің ауласын қардан тазалап беріп, «Игі істер марафоны» дәстүрлі акциясын өткізді.
Қысқы спорт • 23 Қаңтар, 2024
«Мұз үстіндегі шахмат» аталып кеткен бұл ойынның денсаулыққа пайдасы көп. Әсіресе зерде мен зейіннің жақсы жұмыс атқаруына оң ықпал етеді екен. Көрер көзге жеңіл көрінгенмен, олимпиадалық ойын біраз еңбекті талап етеді. Қуаныштысы, елімізде керлинг спортына қызығушылардың қатары күннен-күнге артып келеді.