
Медицина • 25 Қыркүйек, 2025
Елімізге ем іздеп келетін шетелдіктер көбейген
Ел экономикасының әлеуетін әлдендіру үшін туризмнің тетігі көп. Соның бірі – медициналық туризм. Қазақстан ем алу үшін елімізді таңдайтындар есебінен Орталық Азиядағы негізгі денсаулық сақтау пункті болуға қауқарлы. Себебі еліміздегі 9 медициналық ұйым саланың «Оскарына» баланған халықаралық Joint Commission International аккредиттеуін алған. Жоғары талап үддесінен табылатын медициналық мекеменің жетеуі Астанада, екеуі Алматы қаласында орналасқан. 24 қыркүйек күні Мәжілістің жалпы отырысында Respublica партиясы фракциясының мүшесі Нұргүл Тау отандық медицинаның осы бір артықшылықтарын алға тарта отырып, Медициналық туризм саласындағы Бірыңғай операторды құру ұсынысын ортаға салды. Депутаттың айтуынша, жоғарыда аталған Joint Commission International аккредитіне Қырғызстан қол жеткізбеген болса, Өзбекстанның 2 медициналық орталығы иемденген. Бұл көрсеткіш Қазақстанның салада көш бастауына зор мүмкіндік көзі болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 24 Қыркүйек, 2025
Екі бағыттағы пойызға Starlink интернеті орнатылады
Алдағы айларда №33/34 «Ақтөбе – Алматы» және №21/22 «Қызылорда – Семей» бағытындағы пойыздарда Starlink технологиясы арқылы интернет қолжетімді болады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 24 Қыркүйек, 2025
Жылумен қамту - жауапты міндет
Елімізде жылыту маусымына дайындық кезеңі соңғы сатыға таяды. Алдағы күз-қыс маусымында тұрғындардың жайлы өмір сүру үрдісін үзбеу үшін мамандар жауапты кезеңге әзірлікті пысықтап жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 23 Қыркүйек, 2025
Бүгін Қ. Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясындағы Жалпы дебатта сөз сөйлейді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 23 Қыркүйек, 2025
Колледж студенттері ТМД-да киберқауіпсіздік саласы бойынша үздік атанды
Астанадағыы Жоғары политехникалық колледж студенттері GO CTF TATARSTAN 2025 II Халықаралық турнирінде киберқауіпсіздік бойынша І -ші орын иеленді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 23 Қыркүйек, 2025
Қытайлық компания Қазақстанда қант зауытын салады
Ауыл шарушылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Хэнань провинциясының жетекші компанияларының бірі – Henan Agriculture Investment Group делегациясымен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 23 Қыркүйек, 2025
Қазақ-қырғыз зиялыларының IX форумы өтті
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған қазақстандық делегация Қазақ-қырғыз зиялыларының IX форумына қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 23 Қыркүйек, 2025
Мәулен Әшімбаев Орталық Азия мемлекеттерінің III Парламентаралық форумына қатысты
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған Палата делегациясы Қырғыз Республикасына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында Сенат Спикері Бішкекте өткен Орталық Азия мемлекеттерінің III Парламентаралық форумында сөз сөйледі және Қырғызстан Жогорку Кенешінің Төрағасы Нұрланбек Тұрғынбекуулумен кездесті. Сондай-ақ қазақстандық делегация Қазақ-қырғыз зиялыларының IX форумына қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Банк • 23 Қыркүйек, 2025
Отбасы банк: 2025 жылы депозитке 157 280 теңге мемлекеттік сыйақы алуға болады
Отбасы банкінің клиенттері биылғы жылдың соңында депозиттеріне қосымша қаржы алып, армандаған баспанасына тағы бір қадам жақындайды. Мемлекет жыл сайын тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылардың салымына 20 пайыз көлемінде сыйақы қосады. Бұл сыйақы ең көп дегенде 200 АЕК-ке дейінгі сомаға есептеледі. 2025 жылы мемлекеттік сыйақының мөлшері 157 280 теңгеге жетті. Бұл көптеген қазақстандық отбасы үшін баспанаға қол жеткізуде елеулі көмек болмақ. Ең жоғары сыйақыны алу үшін, депозитті 786 400 теңге толықтыру қажет, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қыркүйек, 2025
Қысқы маусымға 31,1 млн тонна мал азығы дайындалды
Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, 23,6 млн тонна шөп (жоспардың 96,2%-ы), 1,8 млн тонна пішендеме (107,9%), 1,7 млн тонна құрамажем (31,5%), 1,5 млн тонна сабан (75,4%), 2,4 млн-нан астам тонна сүрлем (52,6%) дайындалған, деп жазады Egemen.kz.