Ауа райы • Бүгін, 12:42

Елімізде қар жауып, күн күрт суытады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» 14,15 және 16 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде ел аумағында аяз болып, ауа температурасы 8 градусқа дейін төмендейді, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде қар жауып, күн күрт суытады

Фото: ru.freepik.com

Солтүстік өңірлерде ауа температурасы нөлден төмен түсіп, жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін. Сондай-ақ көктайғақ болжанып отыр. Батыс аймақтарда алдағы үш күн бойы нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, жел күшейеді. 16 сәуір күні оңтүстікте, ал 15-16 сәуір күндері солтүстік пен орталықта жауын-шашын болжанған. Шығыс Қазақстанда 14 сәуірге қараған түні қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Сонымен қатар жалпы ел аумағында тұман түсіп, жел күшейеді.

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Температуралық көрсеткіштер де айтарлықтай төмендейді. Батыс өңірлерде түнде ауа температурасы +2, +10 градус аралығында болса, күндіз +10, +15 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстікте түнгі уақытта -2, -8 градусқа дейін суытып, күндіз 0, +7 градус шамасында болады. Ал оңтүстікте ауа температурасы түнде +3, +13 градус, күндіз +8,+18 градус аралығында сақталады.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт бұзылады

Соңғы жаңалықтар