Оқиға • Бүгін, 12:51

Қостанай облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында ірі жол апаты болып, салдарынан төрт адам көз жұмды. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қостанай облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды

Фото: ng.kz

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қайғылы оқиға Қостанай – Әулиекөл – Сұрған автожолының 106-шақырымында болған. Mercedes-Benz 200 көлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, ВАЗ 2107 автокөлігімен соқтығысқан.

Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты

Апат салдарынан төрт адам оқиға орнында қаза тапты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Күдікті тергеу изоляторына қамалды

Соңғы жаңалықтар