Фото: gov.kz
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, аттестаттарды табыстау рәсімі тек білім беру ұйымдарының ғимараттарында ұйымдастырылуы тиіс. Сондай-ақ білім алушылардан, олардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен қаражат және өзге де материалдық құндылықтарды жинауға қатаң тыйым салынған.
«Адал азамат»: Мектеп оқушыларына жаңа Конституцияның нормалары түсіндірілді
«Белгіленген талаптарға сәйкес, бітіру кештерін білім беру ұйымдарынан тыс жерлерде ұйымдастыруға рұқсат етілмейді. Жергілікті атқарушы органдарға қаржылық шығындарды талап етпейтін тәрбиелік және мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды», делінген министрлік таратқан хабарламада.
Ал Ішкі істер органдары тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар тапсырылды.