Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ
Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
368 материал табылды

Аймақтар • 09 Қаңтар, 2024

Жаңа жылдағы жаңа көлік

Ақтөбе облысының Полиция департаменті Жаңа жылда 32 жаңа автокөлікпен толықты.

Мирас • 11 Желтоқсан, 2023

Ұлттық бұйымдарды жаңғыртқан ұстаз

Әйтеке би ауданы Ақкөл ауылындағы Абай атындағы орта мектептің мұғалімі Темірхан Сағын­дықов – ағаш пен темірден түрлі ұлттық бұйымдар жасап жүрген нағыз шебер. Ертедегі ауыл ұсталарының кәсібін жаң­ғыртып қана қоймай, оны қазіргі заманға бейімдеп жүрген еңбекқор жан ауылдастарының үйінде сақталған ескі кебеже, сандықтарды қайта жөндеп шығады. Ол Абай мектебінде 1989 жылдан бері алғашқы әскери даярлық және дене шынықтыру пәндерінен сабақ беріп келеді. Әскери шені – запастағы аға лейтенант. Ескі дүниені жаңартуға әуесқойлықпен барғанын жасырмайды.

Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2023

Зерек «Зелло»

Ақтөбе облысында тіркелген волонтерлік ұйымдардың саны 200-ден көп. Солардың арасындағы ең танымалы – жоғалып кеткен адамдарды іздестіруге көмектесіп жүрген «Зелло» іздеу тобының еріктілері.

Тағзым • 23 Қараша, 2023

Сары әндерінің сарыны

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде ақын, әнші Сары Батақұлының 160 жылдығына орай «Баласы мен Батақтың атым Сары» атты тарихи-танымдық кеш өтті. Жиында халық музыкасын зерттеуші Абдулхамит Райымбергенов Батақтың Сарысының жұртқа белгісіз болып келген шығармалары жөнінде әңгімеледі.

Мектеп • 15 Қараша, 2023

Ауылды түлету мектептен басталады

Биылғы оқу жылынан бас­тап «Қазақ­стан­ халқына» және «Білім беру саласын тұрақты дамыту» қорлары «Ақтөбе облысындағы ша­ғын жинақты ауыл мек­теп­терінің әлеуетін цифр­лық­­ технологиялар­ды­ қол­­да­на отырып дамы­ту»­ жобасын қолға ал­ды. Қор­дан бөлінген 5 млрд тең­геге аудан орта­лық­та­рындағы 12 тірек мектеп, 134 шағын жинақты мек­теп­тің 386 оқу кабинеті қай­­та жабдықталып, алты мы­ң­­нан аса ауыл бала­сы үздік мұғалімдерден дә­ріс­ алуда. Оған қосым­ша­ өңір­дегі 281 ауыл мекте­бі­нің интернет жылдам­ды­ғын­­ жақсартуға жергілікті бюд­­жет­тен 448 млн теңге бөлінді.

Жастар • 08 Қараша, 2023

Жұмыссыз жастарға – қайтарымсыз грант

Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығында «Zhas project» жобасының жеңімпаздары анықталды. 1 млн теңгеден қайтарымсыз грант алған ақтөбелік 14 жұмыссыз жас жақын аралықта өз кәсібін ашады. Олардың арасында сабын өндірісі, ұлттық бұйымдар тігу, дизайн студиясы, кондитерлік цех, клинингтік қызмет, балаларға шахмат курсын ұйымдастыру, киім цехы жобалары бар.

Аймақтар • 06 Қараша, 2023

Заң бұзушылық тіркелген жоқ

Ырғыз, Қобда, Ойыл аудандарында өткен саяси науқан кезінде сайлаушылар тізіміне 28 897 азамат енгізілген еді. Ал дауыс беруге 17 033 сайлаушы қатысқан. Оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 8, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 1809 тұрғын қатысты.

Құрылыс • 29 Қазан, 2023

Әлеуметтік нысандар құрылысы тоқтап тұр

Әйтеке би, Мұғалжар, Шалқар, Ырғыз, Хромтау аудандарында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлер, спорттық-сауықтыру кешендері, кіреберіс жолдар, бірнеше мектеп жауапсыз мердігерлердің кесірінен жыл соңына дейін бітпейтін түрі бар. Оның үстіне Ақтөбе облысы автокөлік жолдарының сапасы жөнінен соңғы орынды бермей келеді.

Қоғам • 24 Қазан, 2023

Тәрбиенің алтын қазығы

Алға ауданы Бестамақ ауылындағы «Болашақ» балалар бақшасының педагог-зерттеушісі Айман Досова тәрбиенің негізі балдырғанды еңбекке баулудан басталады дейді. Өйткені жас­тайынан еңбектенбеген бала өскенде де ештеңенің қадірін білмейді. «Екінші жағынан баласына қарап ата-анасының қандай екенін көруге болады. Өйткені балаңа берген тәрбиең – сенің ішкі жан дүниеңнің көрінісі. Сәби дүниеге келген күннен бастап онымен дұрыс қарым-қатынас қалыптастырып, есейген кезде де үнемі үлгі бола білу керек. Бұл ата-ана есепке алатын ең маңызды қағида» дейді тәжірибелі тәрбиеші.

Құтқарушы • 19 Қазан, 2023

Сертіне адал Әскербек

Жыл басынан бері Ақтөбе облысының аумағында 428 өрт тір­келіп, соның салдарынан 9 адам қаза тапса, 11-і әртүрлі дәре­жеде жарақат алған. Өрттің шығу қаупі де әртүрлі. Қыс кезінде тұрғын үйлерде газ баллондарының атылуы жиілеп, жылыту пештерінің ақауынан көмірқышқыл газынан улану дерек­тері көбейеді. Оған автогаз құю бекеттерінде тұрмыстық газ бал­лондарын толтыру кезінде техникалық ақауларға жол беру де себеп болып жүр.