Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2023

Зерек «Зелло»

92 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында тіркелген волонтерлік ұйымдардың саны 200-ден көп. Солардың арасындағы ең танымалы – жоғалып кеткен адамдарды іздестіруге көмектесіп жүрген «Зелло» іздеу тобының еріктілері.

Зерек «Зелло»

«Зеллоның» қыз-жі­гіттері адасып кеткен қарт­тарды, түрлі себептермен үйінен кетіп қалатын жет­кіншектерді уақыт жоғалтпай тауып беруге жақсы машық­танған. Осы арқылы олар қо­ғамдық қауіпсіздікті сақтау­да жергілікті құқық қор­ғау­шылардың жұмысын жеңіл­детіп жүр.

«Біздің волонтерлік то­бы­­мыздың әлеуметтік па­рақ­­шасындағы 70 мыңдай жазылушы – жоғалған жан­дар­ға іздеу салған кезде кө­мектесетін үлкен күш. Адам­ның жоғалуы туралы полициядан хабар түскен бойда оның суретін, байланыс телефондарын әлеуметтік желіге саламыз. Мұнымен бір кезде тобымыздың қыз-жігіттері өздері бекітілген ауданда із­дестіру шараларын жүргізеді. Соның арқасында жыл басынан бері хабар-ошарсыз кеткен 150 адамға іздеу салып, көбін аман-есен тауып бердік», дейді іздеу тобының ұйымдастырушысы Екатерина Голотина.

Облыстық полиция де­пар­­таментінің басшысы Абай Жүсіпов қоғамдық қауіп­сіз­дікті қамтамасыз етуге ерекше үлес қосып жүрген 16 ерік­тіні құттықтады. Ма­ра­пат­қа ие болғандардың ал­дың­ғы қатарында «Зелло» іздеу тобының белсенділері де бар.

Елімізде кейінгі жылдары волонтерлік қоғалыс кең жайылып, волонтердің қата­ры­на қоғамдағы күйіп тұр­ған мәселелерге бейжай қара­майтын жастар көп қосылып жатыр. Қазір волонтер сапында кәсіпкер, құрылысшы, медицина қызметкерлері, инженер, зейнеткерлікке шыққан мұғалімдер де көп. Олар көбіне бала тәрбиесі, мұқтаж жандарға қайырымдылық жасау ісінде белсенді.

 

Ақтөбе облысы