Мектеп • 15 Қараша, 2023

Ауылды түлету мектептен басталады

514 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Биылғы оқу жылынан бас­тап «Қазақ­стан­ халқына» және «Білім беру саласын тұрақты дамыту» қорлары «Ақтөбе облысындағы ша­ғын жинақты ауыл мек­теп­терінің әлеуетін цифр­лық­­ технологиялар­ды­ қол­­да­на отырып дамы­ту»­ жобасын қолға ал­ды. Қор­дан бөлінген 5 млрд тең­геге аудан орта­лық­та­рындағы 12 тірек мектеп, 134 шағын жинақты мек­теп­тің 386 оқу кабинеті қай­­та жабдықталып, алты мы­ң­­нан аса ауыл бала­сы үздік мұғалімдерден дә­ріс­ алуда. Оған қосым­ша­ өңір­дегі 281 ауыл мекте­бі­нің интернет жылдам­ды­ғын­­ жақсартуға жергілікті бюд­­жет­тен 448 млн теңге бөлінді.

Ауылды түлету мектептен басталады

Бұл өткен жылы қарашада басталған «Білім all» қанатқақты жоба­сының жал­ға­сы. Сол уақытта Ақтө­бедегі 35 таңдаулы ұстаз 120 ауыл мектебінің оқушыларына ағыл­­шын, математика, физика, химия, биология пәндерінен онлайн платформа арқылы дәріс жүр­гізе бастады. Түпкі мақсат – ауыл мектептеріндегі білім сапасын жақсарту. Осы жобаның басында еліміздегі орта білім жүйесі рефор­ма­торларының бірі Күләш Шәм­шидинова тұрғанын айтып өткеніміз жөн. Ол бірнеше рет Ақтөбе облысына келіп, Ойыл, Қобда, Хромтау аудандарындағы «Білім all» жобасына қатысқан шағын жинақты мектептердің онлайн дәрістерін бақылап, оқушы­лармен, мұғалімдермен ақыл­дас­ты. Сонымен қатар бұрынғы Білім және ғылым министрі болған Асхат Айма­­­ғамбетов пен Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнер­кәсібі министрі Бағдат Мусин үш аудандағы шағын жинақты мек­тептерге келіп сабаққа қа­тыс­ты. Қанатқақты жоба­ның жетіс­ті­гі мен кемшілігін таразылай келе, шалғай елді мекендердегі ин­тернет бай­ла­нысын жақсарту ке­зек күттірмейтін мәселе екен­­дігі белгілі болды. Өткен жы­лы интернет байланысының әлсіз­ді­гінен 25 ауыл мектебінде онлайн сабақтар өткізу қиындыққа түсті. Дегенмен жүйелі жұмыс­тың арқа­сын­да биыл бірнеше мектепте интернет байланысы қалпына келтірілді.

вп

Ақтөбе облыстық білім бас­қар­масының басшысы Жайық Сұлтанның айтуынша,­ бұл – бір­не­ше мыңдаған ауыл бала­сы­ның сапа­лы білім алуы­на жол ашатын жоба. Өйткені облыс орта­лы­ғындағы маман­дан­ды­рыл­ған мек­теп-интернаттар 500-ден артық бала қабылдай алмайды. Екін­ші жағынан, бюджет қар­жысы негізінен бала саны көп мек­­теп­терге бағытталады да, оқу­­шы саны өте аз шағын жи­нақ­­ты­ мек­тептер назардан тыс қа­лып қоя­ды.

Қазірде «Қазақстан халқына» қоры­нан бөлінген қаражатқа шағын жинақты мектептердің қазақ тілінен бастап алғашқы әскери дайындық пәніне дейінгі бар­лық кабинеті, бастауыш­ сы­ныптар, кітапхана мен асхана, мәжіліс залдары қайта жаб­дық­талып жатыр. Он екі тірек мек­тепте АРТ студия, киностудия кабинеті ашылды, музыка каби­нет­теріне қазақтың ұлттық аспап­т­ары қойылды. Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қоры ден­саулығында кінәраты бар бала­ларға арналған Ақтөбедегі төрт мекеменің материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға кірісті. Бүгінде №7 арнайы түзету мек­тебінің бес оқу кабинеті, облыс­тық арнайы мектеп-бала­бақ­ша, Жайсаң арнайы білім беру ұйымы, облыстық арнайы мектеп-интернат, колледжінің оқу кабинеттері, шеберханасы толық жаңар­тылып, жаңа жиһаздар са­тып алынды», дейді Жайық Сұлтан.

Заманауи білім ресурстарына қолы жеткен жеті мыңға жуық ауыл баласына сабақ беретін ұстаз­дар саны осы күні 132-ге жетті. Олардың қатарына Zoom плат­­формасы арқылы дәрістер өткі­зуге ауыл мұғалімдері де қосылды. Үйрете жүріп, үйре­ну әдісі ауылдың жас мұға­лім­дері үшін өте тиімді болды. Олар жыл сайын облыстық, рес­пуб­ликалық пәндік Олимпиада жеңім­паздарын даярлап жүр­ген әріп­тестерінен баланың қабілетін ұш­тау тәсілдерін, сабақ түсіндіру әдіс­темесін үйренеді. Оның үстіне, үздік ұстаздар онлайн оқыту арқылы шағын жинақты мек­тептердің 10-11-сынып оқу­шы­ларын ҰБТ-ға даярлайды. Бұл күндері қанатқақты жобаға қатыс­­қан шағын жинақты мектеп­тер­­де мониторинг басталды. Астана­дағы Назарбаев зияткерлік мекте­бі­нен және «Қазақстан халқына» қорынан келген 26 бақылаушы 12 тірек мектеп, 134 шағын жинақты және 7 бақы­лау­ мектебінің 6,8,10-сынып оқушы­ла­рынан бес пән бо­йынша тест алу­да. Осы арқылы бір жылда қай мектепте білім сапасының өске­нін, қай мектепте төмендеп кет­кенін анықтайды. Бұл жолы бақы­лаушылар қанатқақты жобаға қо­сылмаған, бірақ аптасына бес пән бо­­йынша бір рет онлайн дә­ріс жүргізілетін жеті мектептегі оқу­шы­лардың білім деңгейін де бақы­лауға алды.

Осы жобаға қала мектеп­те­рінің ұстаз­дары ықыласпен кіріс­кенін атап өткен жөн. Өйткені олар ауыл мектебі оқу­­шы­­ларының білім сапасын жоға­ры­латуға аса құл­шы­нысты. Ауыл мұғалімінің кәсіби дең­гейін заманауи тәсілдермен жетіл­д­іруіне жол ашқан жобаның арқа­сында, өз мамандығын сүйе­тін, ізденуден жалықпайтын оқы­ту­шылар қатары көбейіп жатыр. Ауыл­ды түлету үшін ең алдымен мек­те­бін түзету керек деген осы болар.

 

Ақтөбе облысы