Аймақтар • 09 Қаңтар, 2024

Жаңа жылдағы жаңа көлік

95 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысының Полиция департаменті Жаңа жылда 32 жаңа автокөлікпен толықты.

Жаңа жылдағы жаңа көлік

Жергілікті бюджет қаражаты есе­­бінен сатып алынған «Hyundai Tucson» маркілі 22 автокөлік Ақтө­бе қаласының учаскелік полиция инспекторла­рына, «Газель-Next» маркілі 10 көлік тергеу-қамауға алынған адамдарды тасымалдау үшін аудандық бөлімшелерге берілді.

Сондай-ақ 3 квадроцикл саяжай алаптары мен өзен жағалауларын бақы­лайтын патрульдік полицейлерге берілсе, «Беларусь» тракторы поли­ция бөлімдерінің шаруа­шылық қажеттіліктері үшін сатып алынды. Осылайша, жаңа жылдың алғашқы жұмыс аптасы полиция қызметкерлеріне жақсы көңіл күй сыйлады. Су жаңа автокөліктің қай-қайсысы да тәртіп сақшылары үшін қажетті техникалық құралдармен жабдықталған. «Заманауи талаптарға жауап беретін автокөліктер қылмыстар мен оқиғалар туралы хабарлама келіп түскен жедел қимылдауға мүмкіндік береді», деді облыстық ПД бастығы Абай Жүсіпов.

Айта кетерлігі, Ақтөбе облысының 12 ауданында ауылдық округтердің учаскелік инспекторлары қызметтік көліктермен қамтамасыз етілмеген.

 

Ақтөбе облысы