«Таза Қазақстан» • 06 Сәуір, 2025
Ардагерлер шырша отырғызды, жастар көше тазалады
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына Ақтөбе облысының еңбек ұжымдары, білім беру мекемелерінің оқытушылары мен студенттері, тіпті тазалықты сүйетін қарапайым тұрғындар да үлес қосып келеді.
Аймақтар • 04 Сәуір, 2025
Кәсіподақ өкілдері рельс шығаратын кәсіпорын жұмысшыларымен кездесті
Кәсіподақтар федерациясы өкілдері жылына 200 мың тонна рельс пен 230 мың тонна фасонды прокат шығарып, ішкі сұранысты толық қамтамасыз етіп отырған «Ақтөбе рельсарқалық зауыты» еңбеккерлерімен кездесті. 860 адам еңбек ететін кәсіпорынның 120 метрлік ұзындықтағы термоберік рельстері «Алматы –Шу» теміржолы, «Құрық» теңіз порты құрылыстарына пайдаланылып келеді. Астанадағы «Нұрлы жол» теміржол вокзалына да осы зауыттын өнімдері төселген, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2025
Ақтөбеде екі «Жайлы мектепте» оқу басталды
Ақтөбе облысында екі «жайлы мектеп» оқушыларға есігін ашты. Екеуі де облыс орталығында: бірі Ақжар –2 елді мекенінде, екіншісі Есет батыр тұрғын алабында орналасқан. Сондай-ақ биыл өңірде 11 400 оқушыға арналған 13 жайлы мектеп ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 27 Ақпан, 2025
Майданда ерлікпен қаза тапқан батырдың есімі ұлықталды
Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Кеңестер одағының Батыры Иманғали Тауқышұлы Білтабановтың 100 жылдығы атап өтілді. Ол 1925 жылы 10 сәуірде Қобда ауданы Қосөткел ауылында дүниеге келген. 1943 жылы қаңтарда әскерге алынып, 1945 жылдың 26 ақпанында Одер өзені үшін шайқаста ерлікпен қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2025
Ақтөбе облысында су тасқыны қаупі жоғары
Қазгидрометтің мәліметіне қарағанда, Ақтөбе қаласы мен Әйтеке би, Мұғалжар, Қарғалы, Мәртөк, Қобда аудандарында жердегі тоңның қатуы өткен жылғыдан екі есе жоғары болғандықтан, өңірде көктемгі су тасқыны қаупі жоғары. Осы мәселе төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық штабтың кезектен тыс отырысында талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 25 Ақпан, 2025
Кәсіптік-техникалық білім алушылар мен кәсіпорын өкілдері бас қосты
Ақтөбеде 21 кәсіпорын өкілдері, 40 техникалық– кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері мен қала мектептерінің 9-сынып оқушылары қатысуымен «Кәсіби ашық алаң» көрмесі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Ақпан, 2025
Ақтөбеде үздік экскурсия жүргізушісі анықталды
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Үздік экскурсия жүргізушісі» байқауы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 14 Ақпан, 2025
Оймауытта браконьер қолға түсті
Байғанин ауданының учаскелік инспекторы Оймауыт елді мекенінің жанында браконьерді ұстады. Ол ауыл тұрғынының «Тайота Хайлюкс» автокөлігін тоқтатып, тексеруі кезінде жүксалғышынан 10 киік еті мен 12 калибрлі аңшы мылтығын тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2025
Әлия Молдағұлованың музейі қайта жасақталды
Кеңестер Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе қаласындағы мемориалдық музейіне күрделі жөндеу жүргізіліп, экспозициялары сандық жүйеде қайта жасақталды. Жаңа экспозицияның диорамаларында 3D-mapping, AR-технология, сандық сторителлинг, жасанды интеллект, голограмма пайдаланылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Ақпан, 2025
Қобдада цифрлық тәрбие платформасы іске қосылды
Қобда аудандық білім бөлімінің басшысы Талғат Әбен оқушылардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін «Біртұтас тәрбие» цифрлық платформасын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.